Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының ұсынымына сәйкес ҚР ІІМ-нің бұйрығымен полиция полковнигі Мұханбетқали Нұрсұлтан Мұханбетқалиұлы Ақтау қаласы Полиция басқармасы бастығының лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мұханбетқали Нұрсұлтан Мұханбетқалиұлы 21.02.1979 жылы Маңғыстау облысы, Ералы ауылында дүниеге келген.
Білімі: жоғары, 2001 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Ішкі істер органдарында 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет атқарып келеді.
2007 – 2014 жылдары аралығында Ақтау қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы, Маңғыстау облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлімше бастығы, 2014 – 2017 жылдар аралығында Қарақия ауданы ІІб бастығы, 2017 – 2018 жылдар аралығында Бейнеу ауданы ІІб бастығы, 2020 – 2022 жылдары аралығында Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығының орынбасары және де 01.01.2022 жылдан бастап Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы лауазымындарында қызмет атқарған.