«Ұлытауға бардың ба!» атты ұранмен Қазақстанды аралаған 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашев Ақтауға келді, - деп хабарлайды хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтаулық тұрғындар жаяу жолаушы Сәрсенбай Қотырашевты қуана қарсы алып, құрмет көрсетті.
Жиһанкездің айтуынша, сапар барысында түрлі игі жақсылармен кездескен. Барлығы да қонақжайлық танытып, көмек қолын созған.
Сәрсенбай Оспанұлы Ұлытау облысынан 31 наурыз күні шыққан болатын. Негізгі мақсаты - елді аралап, ішкі туризмді дамыту, сонымен қатар Ұлытаудың тарихын көпке насихаттау. Бүгін сапары Ақтаудан аяқталды.