Ақтау қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық Заңының 6-бабының 3-тармағына, 8-бабының 2-тармағына, 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына, 24-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйегіндегі №1019 «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы азаматтарын сайлаушылар тізіміне енгізу туралы ақпарат беру жөніндегі CALL-орталық ашылғандығын хабарлайды.
Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімі жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасалады.
Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Егер сайлаушыға сайлаудан кемінде отыз күн бұрын сайлау күні өзінің тіркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігінің болмайтыны белгілі болса, ол өзінің болатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға өзін тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу жөніндежазбаша өтініш беруге құқылы.
CALL-орталық нөмірі 8 (7292) 33-65-14
Электрондық пошта callcentersailau.aktau@gmail.com