ҚР Үкіметінің Қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-экономист.
Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.
2002-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған. 2008-2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.
2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтер жасады.
2014-2018 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2018 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.