26 қазанда Қазақстанда ПТР тестінің оң нәтижесі бар коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 551 жағдай тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 132, Алматы қаласында - 230, Шымкент қаласында – 38, Ақмола облысында – 121, Ақтөбе облысында - 45, Алматы облысында - 88, Атырау облысында - 30, Шығыс Қазақстан облысында - 90, Жамбыл облысында - 26, Батыс Қазақстан облысында -47, Қарағанды облысында - 152, Қостанай облысында - 110, Қызылорда облысында - 34, Маңғыстау облысында - 7, Павлодар облысында - 223, Солтүстік Қазақстан облысында - 147, Түркістан облысында - 31.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 932 688 жетті.