©
Бүгін Мәжілістің отырысында Қазақстан Республикасындағы 14 министрдің кандидатурасы келісілді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Депутаттар келісім бергеннен кейін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен төмендегі тұлғалар мынадай лауазымдарға тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Артынша, Жеңіс Қасымбек пен Гүлшара Әбдіхалықова Премьер-Министрдің орынбасарлары болып тағайындалды. Ал Премьер-Министрдің бірінші орынбасары — Қаржы министрінің міндеті Әлихан Смайыловқа жүктелді. Қанат Бозымбаев ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды. [caption id="attachment_73291" align="alignnone" width="800"] Сурет 7kun.kz алынған[/caption] Қанат Бозымбаев 1969 жылдың 8 қаңтарында Алматы қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, («Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» факультеті); Еңбек өтілі: «Эдем лтд» ЖШС экономисі (1993-1994); Алматы қаласы әкімінің көмекшісі (1994-1997); «Алмаз және Компания» СӨБ экономикалық мәселелер бойынша директоры (1997); Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы (1997); «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті (1997-1998); Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің директоры (1998-2000); Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі (2000); «KEGOK» АҚ бірінші вице-президенті (2001); «KEGOK» АҚ президенті (2001-2007); Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы Директорлар кеңесінің төрағасы (2003-2007); «AirAstana» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007-2008); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2008); «Қазақстандық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (2007-2008); «KEGOK» АҚ басқарма төрағасы (2008-2009); Жамбыл облысының әкімі (2009-2013); Павлодар облысының әкімі (2013-2016); «Құрмет» орденімен марапатталған, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.***
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып Роман Скляр тағайындалды. [caption id="attachment_73292" align="aligncenter" width="582"] Cурет dep-turizm.mid.gov.kz алынған[/caption] Роман Скляр ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі қызметін атқарған болатын. Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. Роман Скляр әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Павлодар облысы әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі, «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» АҚ вице-президенті болған.***
Бүгінге дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы міндетін жалғастыратын болды. [caption id="attachment_73294" align="aligncenter" width="564"] Сурет tengrinews.kz алынған[/caption] "Мәжіліс комитетіне бұл бірауыздан қолдағаны үшін үлкен рақмет. Шынында да, қазір бізде тарихи-мәдени мұраны қабылдау, Мәдениет туралы Заңға өзгерістер сияқты үлкен заңнамалық мәселелер тұр. Сондықтан да мен біздің Комитетке сенім артқаны үшін және перспективалы жоспарлары үшін үлкен алғысымды білдіремін", - деді ол. Арыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын (виолончель сыныбы бойынша), 1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқарудың Ұлттық Жоғары Мектебін, 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аспирантурасын тәмамдады. 2003 жылы «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы» мамандығы бойынша «Қазақстан – ЮНЕСКО: мәдени ынтымақтастық аспектілері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Еңбек жолын Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі болып бастады (1984–1991 жж.), сосын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде бас маман (1991–1993 жж.), Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің көмекшісі болып істеді (1993–1994 жж.). 1994 жылдан бастап 1996 жылға дейін «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің нұсқаушы-директоры, 1997 жылдан бастап 2001 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясының Президент оркестрінің басшысы, 2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы» РМҚК бас директоры, 2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін – «Қазақ әуендері» АҚ президенті. 2006–2007 жылдары А.Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі, 2007–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, Ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторы меңгерушісі болды. 2008 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды. Жоғары кәсібилігі үшін А.Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына, ҚР Президентінің алғыс хатына ие болды, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конститутциясына 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Астана» медалімен марапатталды. 2014 жылдың 11 наурызынан ҚР Президенті Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының мәдениет министрі болып тағайындалды. 2014 жылдың 6 тамызынан бастап мәдениет және спорт министрі.***
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаев тағайындалды. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бүгін ғана қайта құрылған еді. Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі қызметін атқарған болатын. Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған. 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді. 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды. 2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы. 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты. 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары. 2009 жылдың қазанынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың шілдесінен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды. 2016 жылдың мамырынан бүгінгі тағайындауға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі болды. І-сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. «Құрмет» орденімен марапатталған.***
Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі болып қалды. [caption id="attachment_73295" align="aligncenter" width="690"] Сурет zakon.kz алынған[/caption] 2017 жылы қаңтарда Елжан Біртанов Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып жұмыс істеді. Елжан Біртанов әр жылдары Алматыдағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәрігер-реаниматологы, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтауды дамыту институты" РМК директоры, ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, "Ұлттық медициналық холдинг"АҚ-ны басқарды. 2017 жылы 25 қаңтарда Мемлекет басшысының сайтында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігіне бөлу туралы өкім жарияланды.***
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Білім және ғылым министрі лауазымына Күләш Шәмшидинованың кандидатурасы мақұлданды. [caption id="attachment_73296" align="aligncenter" width="800"] Сурет lenta.inform.kz алынған[/caption] ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды. Талқылаудан кейін Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызының кандидатурасын ҚР Білім және ғылым министрі лауазымына ұсынуға болатыны туралы Тұжырымдама бекітілді. Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы Алматы облысы қазіргі Көксу ауданында дүниеге келген. 1979 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің химия факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын Алматы облысы Көксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәні мұғалімі болып бастаған. 1991 жылы - Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы болды. 1991 жылы партиялық жұмыстарды аяқтап білім саласында қызмет етті. 1992 жылға дейін Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары болды. 1992 -1996 жылдары Талдықорған қаласындағы №18 Б.Жолбарсыұлы атындағы мектеп директоры қызметін атқарды. 1996 жылдан бастап қалалық атқарушы органдарында жұмыс істеді. 1996 - 2002 жылдары Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары болып, 2002 жылдың ақпан айында ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. 2005 - 2007 жылдары - «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының Бас директоры болған. 2007 жылы ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып қайта тағайындалды. 2009 жылдың қазан айынан бастап, бүгінге дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы болды.***
Руслан Дәленов ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
[caption id="attachment_73299" align="aligncenter" width="800"] Сурет inform.kz алынған[/caption]Руслан Дәленов Ыстамбұлдағы Мармара университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінде бастап, жетекші маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2002 жылдың наурыз-қыркүйек айлары арасында ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кірістерді талдау және болжау департаментінде басқарма басшысы қызметін атқарған. Ал 2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың мамыр айына дейін ҚР Қаржы министрлігінің Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаментінің ағымдағы кірістер басқармасының басшысы болған. Кейінірек ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасында басшы қызметін атқарады. Содан Қаржы министрлігінің Талдау департаменті директоры болып жұмыс істейді. 2005-2008 жылдар арасында жеке секторда жұмыс істеген.
Ал 2008 жылдың наурызында қаржы вице-министрі болып тағайындалады.
***
ҚР Ауыл шаруашылық министрі болып Сапархан Омаров тағайындалды. [caption id="attachment_73302" align="aligncenter" width="530"] Сурет parlam.kz алынған[/caption] Жаңа ауыл шаруашылық министрі болып Сапархан Омаров тағайындалды. Бұрындары ол Мәжілісте ауыл шаруашылығы мәселесі комитетінде төраға болып қызмет атқарған.***
Бердібек Cапарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. [caption id="attachment_73306" align="aligncenter" width="980"] Сурет inform.kz алынған[/caption] Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген. 1977 жылы жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек жолын 1969-1971 жылдары Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы болып бастады; 1971-1973 жылдары әскери қызметін өткерді; 1977 жылы институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист; 1977-1988 жылдары ҚазСРО Қаржыминінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары; жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы; 1988-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары; 1993 жылдары Президент Аппараты Бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары; 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Министрлері кабинетінің Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі; 1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті аппаратының басшысы; 1995-1999 жылдары Қызылорда облысының әкімі; 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды; 2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Вице-министрі – Кедендік бақылау комитетінің төрағасы; 2006-2007 жылдары Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің өкілі; 2007 жылдың 9 ақпанынан 2007 жылдың 27 тамызына дейін Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі; 2007 жылдан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; 2009 жылғы 4 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі; Ақтөбе облысы әкімі қызметін атқарған.***
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. [caption id="attachment_73308" align="aligncenter" width="800"] Сурет inform.kz алынған[/caption]***
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген.
1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл ту институтын қытай және ағылшын тілдерін меңгерген офицер мамандығы бойынша үздік бітірген. 1996 жылы Қазақ сәулет және құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Түрлі жылдары коммерциялық кәсіпорындарда, Сыртқы істер министрлігі құрылымында, ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет еткен.
Нұрлан Ермекбаев ҚР Президентінің Кеңесшісі — ҚР Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2006–2007 жж.), сыртқы істер министрінің орынбасары (2007–2010), ҚР Президентінің көмекшісі (2010–2012 жж.), ҚР Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Корея Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы (2012–2014), ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (2014–2016), ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі (2016 ж.– 2018 ж. сәуірге дейін) болып еңбек еткен.
2018 жылғы сәуірден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымын атқарды.
***
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды. Ол 2019 жылдың 12 ақпанында ғана осы қызметке тағайындалып, артынша Үкіметпен бірге отставкаға кеткен болатын. [caption id="attachment_73312" align="aligncenter" width="595"] Сурет zakon.kz алынған[/caption] Полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі бойынша – заңгер, ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы бастаған. Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің Ішкі істер бөлімі ҚІ бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді. 1986 жыл мен 2002 жылдың аралығында Алатау және Калинин АІІБ-ның тергеу-жедел бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған. 2002 жылдың ақпаны мен қыркүйегі аралығында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тоғызыншы департаментінің бастығы. 2002 жылдың қыркүйегі мен 2003 жылдың сәуірі аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бастығы. 2003 жылдың сәуірі мен 2006 жылдың мамыры аралығында – Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бөлім бастығы, бастығы. 2006 жылдың мамыры мен 2006 жылдың шілдесі аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің бастығы. 2006 жылдың шілдесі мен 2012 жылдың желтоқсаны аралығында – Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы. 2012 жылдың желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.***
Марат Бақытжанұлы Бекетаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды. [caption id="attachment_73314" align="aligncenter" width="918"] Сурет 24kz.kz алынған[/caption] 1977 жылы 29 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген. 2001-2002 ж. - «ҚР СІМ дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жөніндегі департамент» РМК ұйымдастырушылық-хаттамалық бөлімінің ақпарат өңдеу секторының меңгерушісі. 2002-2003 ж. - Алматы қаласындағы «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» ЖАҚ ұйымдастырушылық-талдамалық бөлімінің бастығы. 2003 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету департаменті басқармасының, бөлімінің бастығы. 2004 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» МБ директорының орынбасары. 2004-2006 ж. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту еуразиялық орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры. 2006-2007 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі. 2007 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2007-2010 ж. - Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі. 2010-2015 ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2015-2016 ж. - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2016 жылғы 13 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды.***
Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Бұл министрлік Президенттің Жарлығымен бүгін қайта құрылды. [caption id="attachment_73315" align="aligncenter" width="654"] Сурет egemen.kz алынған[/caption] Асқар Жұмағалиев 1972 жылы РКФСР Орынбор облысында дүниеге келген. Свердлов Суворов әскери училищесін тәмамдаған. Кейін Қазақ ұлттық техникалық университетін (Алматы қ.) «Радиобайланыс, радиотарату және теледидар» мамандығы бойынша аяқтаған. Екінші жоғары білімін Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша алған. Лозаннаның федеративтік политехникалық мектебінен «Электрондық басқару саласының магистрі» ғылыми дәрежесін алған. 1996–1998 жылдары «Жарық» ЖШС бас директорының қызметін атқарған; 1998–1999 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сектор меңгерушісі ретінде еңбек еткен; 1999–2000 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы болған; 2000 жылы «Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығы» РМК-да басқарма басшысы ретінде жұмыс істеген; 2001–2003 жылдары – ҚР Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары, байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы; 2003–2005 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары; 2004–2005 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының м.а.; 2005–2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары; 2006 жылы ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы қызметін атқарған; 2006–2010 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ президенті; 2010–2012 жылдары – ҚР байланыс және ақпарат министрі; 2012–2014 жылдары – ҚР көлік және коммуникациялар министрі лауазымын атқарған; 2014 жылы – ҚР байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы; 2014–2015 жылдары – ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары; 2015-2017 жылдары «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған.