kasymov Қалмұханбет Қасымов

Қалмұханбет Қасымов Президенттің Жарлығымен Ішкі істер министрі қызметінен босатылды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды. Ал Ішкі істер министрі болып Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев тағайындалды. Ол бұған дейін министрдің орынбасары болып қызмет еткен. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап mangystaumedia.kz хабарлайды.

«Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын», — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов 1957 жылы туған.

1979 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1979-1988 жылдары — тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы Ішкі істер басқармасы Іле аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

1988 жылдан бастап Алматы облысы Ішкі істер басқармасы  Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бөлімі бастығының орынбасары.

1989 жылдан бастап Алматы облысы Ішкі істер басқармасы Қапшағай қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығы.

1992 жылдан бастап Алматы облыстық Ішкі істер басқармасы Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары.

1997 жылғы наурыз-шілде айларында ҚР Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

1997 жылдар — Алматы қалалық Ішкі істер бас басқармасының бастығы.

2003 жылдан бастап — Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің Ішкі істер бас басқармасының  бастығы.

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.

2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы.

2011 жылғы сәуір айынан — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

2-ші дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана» медалімен,  «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынын ардагері», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

***

«Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын», — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Қалмұханбет Қасымов Ішкі істер министрі қызметінен босатылды
Сурет mvd.gov.kz алынған

Полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі бойынша – заңгер, ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы бастаған.

Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің Ішкі істер бөлімі ҚІ бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді.

1986 жыл мен 2002 жылдың аралығында Алатау және Калинин АІІБ-ның тергеу-жедел бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.

2002 жылдың ақпаны мен қыркүйегі аралығында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тоғызыншы департаментінің бастығы.

2002 жылдың қыркүйегі мен 2003 жылдың сәуірі аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бастығы.

2003 жылдың сәуірі мен 2006 жылдың мамыры аралығында – Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бөлім бастығы, бастығы.

2006 жылдың мамыры мен 2006 жылдың шілдесі аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің бастығы.

2006 жылдың шілдесі мен 2012 жылдың желтоқсаны аралығында – Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.

2012 жылдың желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, І дәрежелі «Қайсар» белгісімен, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, сондай-ақ ІІМ-нің және ІІД-нің құрмет грамоталарымен марапатталған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз