©
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды", - деп хабарлады Ақорда өзінің twitter парақшасында.
Ол осы жылдың сәуір айында ғана Елбасының Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалған болатын.
Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы туған.
1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі Әскери Қызыл ту институтының шығыс тілдері факультетін тәмамдаған.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірген. Орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін меңгерген. Саяси ғылымдар кандидаты.
1984 жылдан бастап 1985 жылға дейін — Ангола Халық Республикасында қызметтік іссапарда болды.
1986 жылдан бастап 1996 жылға дейін — КСРО Қарулы күштері Бас штабы жүйесіндегі бөлімдерде қызмет етті.
1990 жылдары КСРО ҚК қатарынан босатылған соң сыртқы экономикалық компанияларды басқарған.
1993 жылдан бастап 1995 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкілдігінің аға сарапшысы.
1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін — Алматы сауда-қаржы банкі басқарма төрағасының кеңесшісі.
1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін — «Қазақстанның халық банкі» ААҚ-ның Қытай Халық Республикасындағы өкілдігінің басшысы.
2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.
2003 жылдан бастап 2004 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Сингапурдағы уақытша сенімді өкілі (дипмиссия басшысы).
2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.
2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.
2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін — Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары.
2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.
2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Корея Халықтық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін — Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.
2016 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрі.