Маңғыстаулық боксшы Саматәлі Төлтаев Түркияда кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Стамбулда өткен сында жерлесіміз кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол түрік боксшысы Рефик Тарханмен шеберлік байқасып, төрт раундқа созылған сында өз әлеуетін сынап көрген еді.
Айта кететін жайт, 2023 жылдың басында Саматәлі Төлтаевтың қан сынамасынан допинг табылып, әуесқой бокстан 2026 жылға дейін шеттетілген болатын. Алайда ол 1 жылдан кейін кәсіпқой боксқа бет бұрды.
Бұған қатысты спортшының менеджері Жанпейіс Назарғали пікір білдіріп, допинг анықтаған уақыттан кейін араға 6 ай салып, қайта тексерістен өткен боксшы таза болып шыққан. Осылайша ол кәсіпқой боксқа бет бұрып, болашақта әлем чемпионы атануды көздеп отыр.