Еркін күрестен Бішкектегі лицензиялық турнирде маңғыстаулық Маис Алиев жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол ширек финалда Қытай балуанымен күресте 15:15 есебімен есе жіберді. Белдесудің бастапқы минутында қарсыласына есе жібергенімен, белдесу ортасында ұпай саны бойынша алға шықты. Өкінішке қарай, 5 ұпай басымдығымен алда тұрған Маис Алиев кездесу аяқталуға 30 секундтан аз уақыт қалғанда Қытай балуанына бірнеше ұпай беріп қойды. Осыйла кездесу тең ұпаймен аяқталып, әдіс сапасы бойынша аспанасты елінің спортшысы келесі кезеңге өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан балуандары арасында Нұрқожа Қайпанов, Әлішер Ерғали, Юсуп Батырмырзаев жартылай финалға шықты. Ал 57 келіде күрескен Ерасыл Мұхтарұлы бірінші кездесуінде ұтылды.