20 сәуір күні Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен күштік құрылымдар арасында волейболдан облыстық чемпионат өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Cайысқа 15 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды Маңғыстау облысының полиция департаментінің ардагерлер құрама командасы иеленсе, екінші орынды 6656 әскери бөлімінің қызметкерлері қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды Жаңаөзен қаласының ішкі істер бөлімінен келген құрама команда қанағат тұтты.
Спортшыларға арнайы номинациялар тағайындалды. Сайыстың “үздік байланыстырушысы” номинациясын 6656 әскери бөлімінің қызметкері ефрейтор Рафхад Фархадұлы жеңіп алды. Жүлделі орын алған командаларға арнайы мақтау қағазы, кубок, медальдар тапсырылды.