Ақтауда 23 сәуірден бастап 24-шағынаудан қалалық прокуратураның маңындағы жол екі жақты қозғалысқа өзгереді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, 24-шағынаудан қалалық прокуратураның маңындағы автокөлік жолын талдау нәтижесінде бір бағытта болған жол екі жақты қозғалысқа өзгереді. Осыған байланысты Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі көлік жүргізушілерінен қозғалыстың бағытын алдын ала үйлестіруді, жол ережелерінің талаптарын сақтауды және жол белгілерін назарға алуды сұрайды.