Ақтауда «Достық» үйінде арнайы «Қазақ тілінде сөйлеймін» курсы ашылды. Курс облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
МО Қазақстан Халқы Ассамблеясының мәлімдеуінше, курсқа мемлекеттік тілді меңгергісі келетін кез келген жастағы жан қатыса алады. Сабақ сенбі күні сағат 17.00-де өтіп жүр. Сондай-ақ, курстың алғашқы сабағында арнайы хабарламалар беріліп, Whatsapp желісі арқылы презентация өткізіп, курс жоспарымен таныстырылды.
- Үшінші сабақ «Ш. Аймановқа 110 жыл» тақырыбында өтті. Сабаққа орыс ұлтының өкілі мен Ресейден көшіп келген қандас қатысты. Түрлі жағдайға байланысты қатыса алмаған этнос өкілдеріне кешкі 19.00-де онлайн сабақ өткізілді. Сабақта диалог, түсіндіру, таныстыру, аударма, ән арқылы, сондай-ақ, тақырыпқа қатысты сөздерді табу әдіс-тәсілдері қолданылды, - дейді облыстық Ассамблея өкілдері.
Сабақта Ф. Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беру орта мектебінің» мұғалімі Аманай Асанова “Қолтырауын” әдісі арқылы тренинг өткізді. Меруерт Шагырова мен №6" ЖББ мектебінің информатика пәнінің ұстазы Бакыт Байзулина курсты жүргізді.
Курсқа жазылу үшін +7 775 823 5076 Меруерт Шагыроваға хабарласу қажет. Мекенжайы: 34ш/а Достық үйі