Бүгін аудан әкімі Рахат Елтизаровтың қатысуымен Сайын Шапағатов елді мекенінде ауыз су мәселесі бойынша жүрмелі кеңес өтті. Онда «Аура» су зауытының қуаттылығын арттыруға бағытталған шаралар талқыланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан басшысы тұрғындарды ауыз сумен қамту уақыт күттірмейтін мәселе екенін тілге тиек етіп, «Аура» су тұщыту зауытының өнімділігін арттыру бойынша қосымша инфрақұрылым жүргізу мақсатында жауаптыларға нақты тапсырма берді. Жеке кәсіпкер тарапынан мекеменің ауыз су беру қуаттылығын 5000-6000 кубқа арттыру мақсатында қосымша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, «Аура» мекемесі қазіргі таңда Сайын Шапағатов ауылдық округіне 1500-2000 куб ауыз су беріп отыр. Плдағы уақытта Ақшұқыр ауылын да ауыз сумен қамту жоспарланған.