Маңғыстау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық қуыршақ театры 23 сәуір күні «Сиқырлы сандық» спектаклімен Түпқараған ауданы, Таушық ауылының мәдениет үйіне гастрольдік сапармен барды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға cабақтан тыс бос уақытта мектеп оқушылары мен ата-аналары және мәдениет үйінің қызметкерлері қатысқан. Таушық ауылының тұрғындарына қойылым ұнап, өз алғыстарын білдірген. Тұрғындар театр әртістерінің алдағы демалыс уақытында қайта келуін сұраған.
Айта кетейік, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастырумен өтіп жатқан өнер сапары 28 мамырға дейін жалғасатын болады.