«Әбіш оқулары» байқауының жеңімпаздары анықталды
[ 2019 ] 24 мамыр, 09:26 | Мәдениет
Ақтау қаласында өткен «Әбіш оқулары» ІІ республикалық байқауында Маңғыстау облысы командалық есепте 1-орынды иеленді. Байқауға әр аймақтан келген 97 оқушы қатысты. Олар сахналық қойылым, мәнерлеп оқу, ғылыми жоба және иллюстрациялық сурет бағыттары бойынша сынға түскен еді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Иллюстрациялық сурет салу бағыты бойынша 13 қатысушы бақ сынады. Жүлделі орын Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Дастан Чадыкуловқа бұйырды. Ал жазушы шығармашылығын мәнерлеп оқу сайысында алматылық Ақниет Қажымұрат жеңімпаз атанды. Ол Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы. Ғылыми жоба бағыты бойынша Жарас Джайлыбаев жеңімпаз атанды. Ол Маңғыстау облысы Жаңаөзен «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы екен. Сахналық қойылымда Мұнайлыдан келген Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебінің оқушылары көрермен көңілінен шығып 1-орынды қанжығасына байлады. Жазушының жұбайы Клара Жұмабайқызы мен облыс әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев байқау жеңімпаздарын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдары және арнайы сыйлықтарымен марапаттады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді ұсынған "Дарын" облыстық қосымша білім орталығы
1270
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.