©
Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры мамыр айында төмендегідей қойылымдарды көрермендерге ұсынады. Ақтау қаласында 5 мамыр күні Қ.Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясы көрермендерге жол табады. Театрда 8 мамыр күні «Ана – Жер Ана» атты Ш.Айтматовтың трагедиясы көрсетілсе, 10 мамыр күні З.Зайнуллиннің «41-ші жылдың келіншектері» драмасын көре аласыз. Сонымен қатар балаларға арналған «Ну, погоди!» ертегісі 11 мамыр күні театр сахнасында қойылады. Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» атты драмасы көрермен қауымына 12 мамыр ұсынылады. 15 мамыр күні «Ну погоди!» ертегісі мен «Алғашқы махаббат» комедиясын Құрық ауылының, ал мамырдың 17-сі күні Шетпе кентінің тұрғындары тамашалай алады. Сонымен қатар 18 мамырда «Маугли» балалар ертегісін, 19 мамырда детектив жанрындағы «Мышеловка» қойылымын тамашалайды. Форт-Шевченконың өнерсүйер қауымы үшін «Ну погоди!» ертегісі және «Алғашқы махаббат» комедиясы 22 мамыр күні сахналанады. Езуге күлкі үйірер қойылымнан қалып қойған жандар мамырдың 24-і күні «Алғашқы махаббат» комедиясын қайта көруге мүмкіндігі бар. Ал 26 мамырда «Хан кегі» атты поэтикалық драма театрда сахналанады. Ай соңында, яғни 29-31 мамыр күндері Ә.Кекілбаевтың «Күй» драмасының премьерасы өтеді.