1 шілдеден бастап «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы 75%-ға өседі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Мәдениет және архив ісі ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы 2025 жылға дейін әр жыл сайын 20%-ға өсетін болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 1 шілдеден бастап «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы 75%-ға артатынын да атап өткім келеді», – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Министрдің айтуынша, елімізде кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Мәселен, «Қазақфильм» киностудиясын жаңғырту жүзеге асырылып жатыр және «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылмақ. Бұл бірлестік биыл көрермендерге 10 пилоттық жоба ұсынады. Рейтингі жоғары анимациялық фильмдер мен кинокартиналарды қазақша дубляждауға қаражат бөлінеді.