29-30 маусым күндері Маңғыстау облысына 50 және Ақтау қаласына 60 жыл толуына орай «Майлы қиян – Маңғыстау» атты республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақындар айтысына Рүстем Ақылбеков, Дидар Қамиев, Айбек Ережепов, Аспанбек Шұгатаев, Мұрадым Мирланов, Мақсат Аханов, Асхат Қылышбеков, Марат Ахметов, Зейнетолла Қосымбаев, Азамат Орынбасаров, Нұрсұлтан Оңғарбаев, Ерсұлтан Аушанов, Жанболат Әлиев, Сардар Ердаулет, Мейірбек Саламатов, Бейбіт Байжігіт бастаған дүлділдер қатысады деп жоспарланған.
Сөз жүйріктерінің өнерін Мэлс Қосымбаев, Қойлыбай Асанов, Ахметжан Өзбеков, Әділет Қабылов, Нұрлан Мұсаев бастаған қазылар алқасы бағалайды.
Аламан айтыс 34 шағын аудандағы «Достық» үйі ғимаратында өтеді. Сөз аламаны 14:00-де басталады. Кіру ақысы тегін.