Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының директоры Гүлсина Мерғалиева Қазақстан театр өнері қайраткерлерінің арасында алғашқы болып ТҮРКСОЙдың халықаралық «ANADOLU» театр сыйлығына ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Марапатты табыстау шарасы Стамбулдың Су Гестери Санатлары сахнасында болды. Шараға Түркияның 27 қаласынан және 10 шетелден келген театр қайраткерлері бас қосты.
Биыл халықаралық «ANADOLU» театр сыйлығы жетінші рет беріліп отыр. Қазылар алқасы алдымен 2019-2021 жылдар аралығындағы түрік және шетел театр өнерінің даму көрсеткіштерін саралаған. Осылайша белсенді шығармашылық ізденісі және іскер ұйымдастырушылық қызметі, түркі әлемінің театр кеңістігіне үлес қосқан мәдениет қызметкерлерін таңдаған.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА