• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 2 Тамыз 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда тематикалық саябақ ашылды...

Карантин: Облыста жаңа қаулы жарияланды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Журналист Жалғас Айтқұлов өмірден озды...

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Ақтаудағы медициналық нысандарда...

  • USD: 424.44 ₸
  • EUR: 504.91 ₸
  • RUB: 5.81 ₸

Жыр тарланы

4 сәуір, 11:43  |  Мәдениет

Жоралы жыршы, дәулескер домбырашы, Маңғыстау өнер мектебінің өнегелі тұлғасы Әлқуат ҚОЖАБЕРГЕНҰЛЫ туралы бір үзік сыр мен жыр.

Мұнаралы Маңғыстаудың жайсаң жандарын еске алсам, көп жай көңілге оралып, жаным жадырап, жастық шаққа ат шалдырып ораламын. Мен бірде осы Маңғыстау елінің Қарақұмында, бірде Жем бойында жүріп ержеттім. Сондықтан екі өңірді тел емген, екі елге белбала болған жайым бар. Құжатқа сүйенсем Бейнеу ауданы мен Жылыой ауданының құрметті азаматы деген атағым да бар. Маңғыстау жақтан бір хабар жетсе, елеңдеп тұрамын. Ақтаудың әнұранын жазғаным тағы бар.

Бейнеу ауданындағы бүгінгі күні Боранқұл атанған ауылдың қорымында әкем, үлкен шешем, туған аға-інілерім мәңгілік дамылдап жатыр. Маңғыстау облысы бірде жабылып, бірде қайта ашылып жатқанда жыр да арнадым, сыр да бөліскенмін. Қайда жүрсем де Маңғыстау еліне алыстан көз қадап, тілектес болып жүремін.

Өйткені осы өлкеде алғашқы журналистік өмір жолымды бастадым. 1974 жылы КазГУ-дың филология факультетін бітіріп келіп, Маңғышлақ облыстық телестудиясында редакторлық қызметімді бастап, осы ұжымда мәдени-әдеби, өнер саласын қамтыған хабарлар дестесін жасадым. «Өмір және өлең» деп аталатын әдеби хабарларым сол кездегі көзкөргендердің мүмкін есінде болар. Алғашқы хабарды Абайдан бастап едім. Одан әрі жақсы жол жалғасты…

Жақында қазіргі күнде Маңғыстау жұртына емес, елімізге, тіпті көршілес республикаларға да есімі белгілі болған өнер зерттеуші, «Сөз бен саз» хабарының тұрақты тілшісі Бердіхан Әлменнің қол телефонмен жеткен хабары біршама ойландырып, сол бір кезеңді, бұдан 47 жыл бұрынғы уақытты, ойша қайта саралап, қалам ұстауға жетеледі. Ол бір газеттің қиындысын хабарына қосып салған екен. «Өлерінде күйіне сиыныпты» деген газет мақаласының ішінде менің жыршы, күйші Әлқуат Қожабергенұлы ағамызға арнаған, нақты айтқанда оның қайтыс болғанын естігенде көңілге келген төрт шумақ өлеңімнен мысал келтіріліпті. Шағын мақалада оның өнерпаздық қасиеті туралы жан-жақты айтылған екен. Мен ол кісіні қалай білдім?

Маңғыстау мұнайға ғана бай емес, халық таланттарының да қазыналы өлкесі ғой. Осы телестудияда жүргенімде өңірге белгілі жыршы-күйшілерді көгілдір экранға шығарып, халыққа рухани азық етіп, таныстырып, беріп отырдық. Соның бірі атақты домбырашы Алым Жаңбыршин ағамызды жұртшылыққа көрсету үлкен қозғалыс туғызған болатын. Ол хабарды мен жүргізбесем де көптің көңілінен шыққаны көп уақыт бойы айтылып жүрді. Бұл ізді біз жалғадық.

Осы дәстүрді ұстана отырып, мен бірде Әлқуат ағаны хабарға қатыстырдым. Ұмытпасам ол Маңғыстау ауданының Ақшұқыр деген ауылынан келді. Құйма құлақ, көпті көрген, әсіресе арғы Абыл мен Нұрымнан, Ақтан мен Қашағаннан, одан берідегі Шамғұл, Жанжігіт, Құмар, Мұраттарға жалғасқан өнер көшінде жез бұйдалы нары бар, сөзінің дәмі бал, күйінің сазы бар Әлекең молдау денелі болса да, бірақ шапшаң, шалт адам болып көрінді. Ақсары жүзді, алды ашық, әңгіме айтқанда арқаланып кететін, домбыраны солақай тартатын, күй тартқанда қозғалақтап, маңдайы жіпсіп, бойы босап кететін жан екен.

Менің әкем де домбырашы, жыршы-термеші болатын. Бала кезімнен әкемнен Абыл мен Нұрымның, Қашаған мен Аралбайдың, Сәттіғұлдың жырларын тыңдап өскендіктен маған бұл тақырып бұрыннан етене таныс еді. Ол кезде Маңғыстауда өнер туы қайтадан қанатын қомдап, арғы мен бергі бастарын көтеріп, жаңа облыстың жансарайында жақсы жаңалықтар белең ала бастаған-ды. Сол кезде облыстың басшысы болған ұлтжанды азамат Тұтқабай Әшімбаевтың да ықпалы болған болар, ұлттық өнерге деген жақсы көзқарас қалыптасып қалған еді. Осының нәтижесінде мен өңірдің жыршы-жырауларын, күйшілерін жіктеп танып, олар туралы қалам тербей бастадым.

Сондай бір кезекті сәтте Әлқуат ағамен кездестім. Есімде қалғаны ол Маңғыстаудың жыршы-жыраулық мектебі, тарихы мен танымы туралы әсерлі әңгімелерін айтып, арасында жыраулардың бірер шумақ жырларын дауысын онша көтермей айтып берген. Байқағаным, өзі де шет жағасын айтты, сырқаттанып жүр екен, жырға көп дендеп бармады. Бірақ жыршылардың ғұмыр тарихы мен ерекшеліктері туралы әдемі дәріс оқып берді. Абылдан бастап, Есірден қостап, Құлшарға құлап, бірнеше күй орындады. Күйдің тарихын да қоса айтып отырды. Бұл жөнінен көне дәстүрді нақты ұстайтындығын көрсетті. Қайыртпай кеткен Қашағанның көзін көріп, алдында отырып, жырын тыңдаған Әлекең алыстан келе жатқан айдынды сарынды топтың соңғы сарқыттарының біріндей саңлақ жан еді.

Әлекең көңілденген сәтінде әзілге де мойын бұрады екен. Менің анамның адайдың қызы екенін білгесін, жиен деп іш тартып, жан жақындығын да байқатып отырды. Жылыойдың да тарихын, жер-су аттарын, ол өңірдің өнерпаздарын да жақсы біледі екен, әсіресе Әжібай, Арал туралы айтқандары есімде қалыпты. Адайдың қайқыларын, күйшілік мектебі нің ерекшелігін таратып, талдап айтып, әріден келе жатқан құйма құлақ қария, өнер саласында дария екенін көрсетті.

Кейінгі жылдарда, Әбіш ағаның үйінде отырғанда, Әлекең туралы сұрағаным бар еді, сонда Әбекең де ол кісіні жақсы білетінін айтып, рухына құрмет көрсеткен. Мен Маңғыстауда ұзақ болған жоқпын, кейін осыған өкінген кездерім де болды, жастықтың қалауымен екі жылдан соң Алматыға, «Лениншіл жас» газетіне қызметке келдім. Әбіш ағам маған 1976 жылы күзде, менің жастар газетінде «Мұнаралы Маңғыстау» деген очерк-дастанымды оқыған соң, «сен Маңғыстау аңыздарын дастан етіп жазарсың, бұл – бір үлкен тақырып» деп еді, оның да реті келмеді. Азды-көпті жазғанымды үлкен тақырыпқа барғаным деп есептемеймін. Әлекеңдей ағалардың маңайында көбірек жүргенімде бұл жөнінде Әбекеңе қуана есеп бере алар едім деп ойлаймын.

1975 жылдың мамыр айында Сәттіғұл ақынның 100 жылдығы тойланды. Бүкіл Маңғыстау жаңғырып жатты. Той аудан орталығы Шетпеде ашылып, одан әрі ақынның туған ауылындағы жазықта жалғасты. Аламан бәйге болды, ұлт тық ойындар ұласты, елдің еңсесі көтеріліп, бір жасап қалды. Шетпеде Сәттіғұл кәкеме арналған ақындар мүшәйрасы болды. Оған Алматыдан арнайы келген қазақтың көрнекті ақыны, абыз аға Әбу Сәрсенбаев төрелік жасады, қасында ақын Сағи Жиенбаев, Маңғыстаудан Темірхан Медетбек болды. Бір қызығы, ақындар мүшәйрасына сол кездегі облыстық партия комитетінің нұсқаушысы Олег Долматов деген азамат жауапты болып, өлеңдерімізді алдын ала оқытып, мазмұнын аудартып, әлек-шәлегіміз шыққаны бар. Долматовқа долбарлап аударып құтылғанбыз.

Ұмытпасам, бұл мүшәйраға облыс ақындары Айтқали Нәріков, Мырзағали Іңірбаев, Күмісбай Әбдешев, Әзірбайжан Қонарбаев, Мырзатай Болатов, Шәрелхан Әленов т.б. ақындар қатысты. Ол кезде бүгінгі күні Адай елін өздеріне қаратып тұрған Есенғали Раушанов Сыр бойында, Сабыр Адай Өзбекстанда жүрген болатын, Светқали жастау болды ма, бұл топ та болмады. Әбекең бірінші орынды маған берген, оған нағашы жағым намыстанып, артық-кем сөз айтқаны да есте қалыпты. Оның жай-жапсарына Темірхан Медетбек ағам куә-дүр. Сол жиында Мұрат Өскінбайұлы кәкеммен бірге болдық, жырын тыңдадық, күйіне қол соқтық. Сол ұлы тойда Әлекеңді соңғы рет көрген едім. Өзін сабырлы ұстап, қадірлі қонақ ретінде жүрді. Бірақ өнер тарихы, ел шежіресіне келгенде ашылып сөйлеп, ақ жарылып, өзінің табиғатына қайта оралып, қомданып отырғаны есімде қалды. Сәттіғұл тойы Маңғыстау еліндегі елеулі оқиға болып, тарихқа қатталды. Сонда жыршы-жырау нағашыларым бір серпіліп, Маңғыстау даласын жыр мен күйге бөктірген еді. Уақыт қатал ғой, алдыңғы толқын ағалар да сирей бастайды. Әлекең де 80-ші жылдары Алланың аманатын тапсырды. Әз ағаның өмірден өткенін естіп, мына өлеңді жазып едім:

Әлқуат домбырашы
Арқасы бар,
Айбыны саусағында,
Талай көрдім тарланды
Сау шағында.
Солақайдан шыққан бір сері еді қарт,
Сағым болып үзілді аңсауымда.
Озды қартың ғұмырдан,
Күйі бітті,
Домбырасы ілгішке бұйырыпты.
Әлекең қарт ақкөңіл адам еді,
Өлерінде күйіне сыйыныпты.
Өткен-кеткен аңызды мадақтасып,
Пернелерге саусағын қадап басып.
Күй шерткенде қызынып, қозғалақтап,
Арғы-бергі дүлділді адақтасып,
Отыратын,
Жан еді бала сынды,
Көңілі түссе кеңпейіл дала сынды.
Көңіл шіркін күйпазды іздегенде,
Кермедегі тұлпардай аласұрды.
Жыры маздап,
Тұратын күйі қоздап,
Кісінесіп жылқылар, түйе боздап.
Алпыс екі тамырды түгел қозғап,
Бабалардың артынан сен де кеттің,
Қайырылмай ғайыпқа, қайран боздақ.
Жақсының аты өлмейді» деген халықпыз. Әлқуат Қожабергенұлындай халқын сүйген, халқының өнерін сүйген, осы жолда талай тарихи оқиғалар мен тағдырлы жолды басып өткен, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болған, қазақтың рухына жігер қосқан жандардың әзиз есімдерін бүгінгі толқын, біздер әрқашан еске алып, аттарын ардақтап, құрмет көрсетуіміз керек. Бұл дүниеден қайтқан адам үшін емес, туған жерінде ғұмыр кешіп жатқан жандар үшін жарқын дәстүр, жақсы өнеге болса керек. Маңғыстау бұл жағынан жалпы қазаққа үлгі боларлық үрдісті ұстанып келеді.

Әлқуат Қожабергенұлы ағамыз ұмытуға болмайтын кісі еді, жарықтық. Елі қадірлеп, елеп жатса, ертеңге жол, келешекке көрнекі құрал болмай ма? Маңғыстау жұртшылығы бұған парасат көзімен қарай алады деп сенемін. Атын ардақтайтын елі болса, азамат ұмытылар ма? Биыл туғанына 110 жыл толатын өнерпаздың рухына құрмет көрсету де – елдіктің белгісі.

Өмірге өнер сыйлаған адамның рухына құрмет – өткенге тағзым, болашаққа – бағыт. Өнер өмірді жалғайды деген осы болар.

Өтеген ОРАЛБАЕВ

1771
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Мәдениет қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Н. Жантөрин театры сәуір айында қандай қойылымдарды ұсынады

Келесі жаңалық

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Театрда тың серпін: Жаңа мүмкіндікке жол

    13 маусым, 12:00
    384

    Маңғыстауда жыршы-термешілер сайысы өтті

    3 маусым, 10:40
    1790

    Басқұдықта мәдениет үйі ашылады

    2 маусым, 12:00
    1796

    Белгілі композитор Марат Ордабаев 60 жасқа толды

    2 маусым, 09:45
    1797

    Облыста саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөнінде отырыс өтті

    31 мамыр, 17:16
    1636

    «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты көрме өтті

    31 мамыр, 16:00
    1944

    Рубрикалар

      ФотоанонсӘдебиетАуыл өміріБайқауДенсаулықАшық қоғамEXPO - 2017ЭкономикаБіле жүріңізХабарландыруСұхбат

    Автордың басқа да жазбалары

    Облыста үш күнде 256 нысанға рейд жасалды

    Бүгін 16:13
    5

    "Екпе ал да, пәтер ұтып ал": 6 тамыз күні жеңімпаз анықталады

    Бүгін 15:49
    23

    Қазақ күресінің «Қара бурасы»

    Бүгін 15:20
    28

    43 градус аптап: Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн қатты ысиды

    Бүгін 14:56
    28

    Облыста жансақтау бөлімдерінде 107 адам жатыр

    Бүгін 14:42
    30

    Бүгіннен бастап той-жиындарға барғандарға да айыппұл салынады

    Бүгін 13:53
    112

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»