Облыста саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі жұмысшы тобының отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жұмысшы топтың отырыстарында саяси құғын-сүргін құрбандарына қатысты мәселелер талқыланып, атқарылған жұмыстар бойынша пікір алмасулар болды. Зерттеу жұмыстары үшін қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстарына грантар бөлу мәселесі, өңірлік комиссиялар арасында ақпарат алмасу мәселесі, сол замандарда саяси қуғын-сүргінге арналған жыр-термелерді жинақтау, т.б. ұсыныстар айтылды.
Жыл басынан бері саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі жұмысшы тобының атқарған жұмыстары толық баяндалды.
Айтылған ұсыныстар негізінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Г. Қалмұратова Маңғыстау облысында саяси қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізу үшін аудан, қалалардың әкімдеріне бұрын берілген тапсырмаларға сәйкес нақты жұмыстар атқару жөніндегі тапсырмалар берді.
Алдағы уақытта қуғын-сүргін құрбандары туралы көптеген ақпарат жиналып, көпшілікке қолжетімді болады деп жоспарланып отыр.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН