Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Кристиан Маркертті қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Екіжақты кездесуде Маңғыстау облысы мен Германия Республикасының арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, өңір аралық кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды
Ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыру және жасыл технологияларды белсенді дамыту мәселесі көтерілді. К. Маркерттің айтуынша, германиялық кәсіпкерлер осы бағытта Маңғыстау жерінде бизнесті дамытуға ниет білдіріп отыр. Ол аймақ басшысымен келесі кездесуде нақты ұсыныстар айтатынын жеткізді.
Жиын барысында С.Трұмов мұндай бастамалардың екі тарапқа да тиімді екенін айтты. Шетелдік инвесторларды барынша қолдайтынын, олар үшін барлық жағдай жасалатынын да жеткізді. Маңғыстау облысы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-наурызда 1,3 млн. АҚШ құрап отыр.