Ақтау қаласы әкімдігімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын негізсіз өсіруін болдырмау мақсатында қаладағы гипермаркеттер және (Дина, Анвар), супермаркеттер (Аман, Дана, Нұр, Алтын фуд, Гуд Маркет, Лидер) желілерімен меморандум 1 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сонымен қатар, көтерме сауда базарларында да бағаны тұрақтандыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгін Ақтау қаласының әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы 23 ш/а «Асар-С» көтерме сауда базарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміндегі көкөністердің бағаларына мониторинг жүргізді.
Қазіргі таңда, картоп және сәбіз өнімдері өткен жылдан қалған резервте азаюуына байланысты қымбаттаған. Қор биылғы егін өнімімен толықтырылып, 2 аптадан кейін баға қайта тұрақталмақ.