• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 13 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Маңғыстаулықтар өңірдің бас полицейіне қандай сұрақ қойды?

[ 2018 ] 1 желтоқсан, 11:21  |  Құқық

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов халыққа есеп беру кездесуін өткізді. Оның баяндамасын тыңдаған соң жиналған жұртшылық өз сұрақтарын қойып, жауап алды. Есеп беруде Маңғыстаудың бас полицейіне қойылған сұрақтардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз.

Сұрақ: «Есімім - Абдулла Ырзаев. Немере інім темір кесетін мекемеде дәнекерлеуші болып жұмыс істейтін. Сонда жарылыс болып, 1 тамыз күні қайтыс болды. Сіздің өзіңізге айтқаныммен ресми түрде жазғаным жоқ. Бірақ ҰҚК басшына, Ақтау қалалық прокуратурасына жазғанбыз. Ешкімнен ешқандай жауап болмады. Інімнің қайтыс болуына себепкер мекеме басшылары көмектесеміз деп уәде береді. Алайда жәрдем де, жауап та жоқ. Артында екі баласы мен жары қалды. Сол келініме онда інімнің қазасына өзін кінәлі етіп көрсеткен актіге қол қойдырмақ. Айтайын дегенім, інімнің отбасына жәрдем керек. Кінәлілер жазасын алуын талап етеміз»

Жауап: Бұл мәселе бойынша қазір ҰҚК Маңғыстау облыстық департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Мен ол жағдайды білемін. Жиыннан соң қалып сөйлесуге әзірмін, жазбаша түрде де жауап бере аламыз. Ал жанұясына жәрдем ретінде ақыны тергеу біткен соң сот арқылы өндіріп алуға құқыңыз бар. Сіздің арызыңыз бойынша қорғаныс министрлігіне, барлық құзырлы орындарға сұраныс жіберіп, тексеру жасалған. Арнайы топ жұмыс істеп жатыр.

Сұрақ: Жаңаөзен қаласының тұрғынымын. Қалада бейнебақылау орнатылуы қарасстырылып жатыр ма?

Жауап: «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының тарапынан Жаңаөзенге 277 млн теңгеге 120 бейнебақылау құрылғысы келер жылдың алғашқы тоқсанында қойылады. Алдын-ала келісімі бар. Қазір осы жұмыстарды бастап кеттік.

Сұрақ: «Мен Мұнайлы ауданы, Басқұдық елді мекенінің тұрғынымын. Бүгін сіздерге алғыс айту үшін келдім. 2018 жылы 18 қаңтарда балама қастандық жасалып, балам аман-есен қалды. Сол істі тергеуде адал еңбек еткен тергеушіге, қалалық ІІБ басшысына мол алғыс айтамын. Сол кісілерге алдымыздағы мереке наградалар берулеріңізді сұраймын.

Жауап: Ниетіңізге рақмет. Дегенмен мемлекеттік наградалар министрлік тарапынан шешіледі. Айтып отырғаныңыз күнделікті полиция қызметкерлерінің міндеті. Сіз айтқан мамандарды анықтаймыз, ұсынысыңызды қарастырамыз.

Сұрақ: Қызылтөбе-2 ауылының тұрығын – Төребайұлы Сәрсенбаймын. Жаңаөзенге баратын жолда 17-постта бағдаршам бар еді. Қазір жоқ, кешке және таңертең сол тұстан өту қиындап кетті. Қанша уақыт күтуге тура келеді, апат та жиі болады. Осыған шара қолдансаңыз.

Бұл сауалға Қанат Даниярұлы 2 күн ішінде анықтап, жауап берілетінін жеткізді.

Сұрақ: Мен Қарақия ауданының тұрғынымын, ауыл шаруашылығымен айналысамын. «Жаңбыршы» шаруақожалығының басшысы – Жалмұрат Төлеген. Маңғыстауда көкөніс өсірумен айналысу тың, мұндағы халықтың қанында жоқ дүние. Жергілікті халықты пайдалану қиынға түсіп отыр. Сондықтан жақын шетелден жұмысшылар алатын едік. Осы жұмысшылардың санын көбейтуге мүмкіндік жасай аласыз ба?

Жауап: 1 желтоқсан күні 22 шағынауданда көшіп-қону орталығы ашылады. 5 мемлекетпен шектесетіндіктен, өңірімізге шетелдіктер жиі келеді. ҚР заңына сәйкес әрбір азамат 5 адамды есепке қойып, қаржысын төлеп, жалдама ретінде алуға мүмкіншілігі бар. Сондықтан балаларыңыз, туысатырыңыздың атына осылай 5 адамнан тіркеуіңізге болады.

Түпқараған аудандық Ардагерлер кеңесі төрағасы Ақшұқырдан, Мұнайлыдан учаскелік полиция бөлімін ашуды сұрады. Қанат Даниярұлы Жақын арада аталмыш елді мекендерден учаскелік полиция бөлімшелерін ашуды жопарлап отырғандарын айтты.

Сондай-ақ Маңғыстау ауданынан зейнеткер Шетпе-Бейнеу арасындағы жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында мал өтетін тұстарға белгі қою, малға белгі тағу, бақылау құралдарын көбірек қолдану, қадағалау туралы ұсыныс айтты.

Жауап: Осыған байланысты 1 апта бұрын акция басталды. Қарақия ауданында жол апаты болып, түйеге соғу салдарынан болған оқиғадан бір азамат көз жұмды. Сондықтан қазір малға жарықшағылысқыш белгілер тағу басталып кетті. Қаңтар айының аяғына дейін бәрін қамтимыз деп жоспарлап отырмыз.

Сұрақ: 14 шағын ауданда «Нейрон» емханасының жанында айналмалы жол бар. Сол жерде ешқандай жол белгісі жоқ, осыны қарастырсаңыз.

Жауап: Біз алдымен ол жерді барып, қарауымыз қажет. Анықтаған соң нақты жауабын береміз.

Кездесу барысында уақыт тығыздығына байланысты қойылып сауалдарға жазбаша түрде жауап жолданатын болады.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

1732
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
құқық ашық қоғам анонс
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстау полициясының басшысы халық алдында есеп берді

Келесі жаңалық

Маңғыстауда жыл басынан бері 300 есірткі қылмысы анықталған

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Шешімін таппаған салық мәселелері

    [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
    2491

    Маңғыстаулықтар өңірдің бас полицейіне қандай сұрақ қойды?

    [ 2018 ] 1 желтоқсан, 11:21
    1733

    Жаңаөзендегі маусым оқиғасына - 30 жыл

    [ 2019 ] 25 қараша, 06:35
    1952

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    2597

    Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

    [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
    2020

    Маңғыстауда биыл 11 мемқызметші тәртіптік жауапқа тартылған

    [ 2018 ] 18 тамыз, 08:49
    1486

    Рубрикалар

      Жастар бетіМаңғыстау жаңалықтарыҚызық дерекРедакция туралыҚазақстан жаңалықтарыРедакция ұжымыАНТИКОРХабарландыруАнықтама бюросы

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

    [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
    1773

    Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

    [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
    1699

    Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

    [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
    2139

    Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

    [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
    1950

    Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

    [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
    2470

    Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

    [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
    2001

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»