©
Бұл жөнінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қанат Таймерденов есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жыл басынан бері Маңғыстауда 300-ден аса есірткіге қатысты заңбұзушылық фактілері анықталған. Оның 69-ы - есірткі сату және 5-і - аса ірі мөлшерде сақтау.
Заңсыз айналымынан 100 келіден аса есірткі заттары тәркіленген. Оның ішінде, 560 грамм «героин», 98 келі «марихуана», 928 грамм «гашиш», 1 келі 300 грамм «апиын».
«Осы жылдың мамыр айында жедел іздестіру шарасы барысында Түпқараған ауданы Сайын-Шапағатов елдімекенінде күдікті азамат ұсталды. Оның ауласындағы сарайын тінту барысында 5 қап, барлығы 83 келі болатын «марихуана» есірткі заты тәркіленіп алынды», - деді Қанат Данияұлы.
Оныі айтуынша, биыл 4 қыркүйектегі сот үкімімен күдікті азамат 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында мерзімін өтеуде.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Көрнекі сурет сайттың архивінен