• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 11 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

    Маңғыстаулық 20 сарбаз әскерге аттанды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2019 ] 3 қазан, 07:15  |  Қоғам

    Кеше, 2 қазан күні маңғыстаулық 20 сарбаз әскерге аттанды. Маңғыстау облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің қызметкерлері №2484 әскери бөліміне ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде мерзімді әскери қызмет етуге салтанатты түрде шығарып салды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, Маңғыстау облысы Қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығы, полковник Мақсат Тастанов, Қарулы күштер ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысының төрағасы, полковник Нұрлыбай Қонақбаев, Ақтау қаласының Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Матжан Шаулиев, Маңғыстау облысының Ұлттық қауіпсіздік шекара қызметінің застава «Тарландары» төрағасы, полковник Владимир Колпаков және әскерге шақырылушы азаматтардың ата-анасы атынан Қыдырқожа Елдесбаев келіп, жастарға сәт сапар тіледі. «Қадірлі жерлестер, бүгін барлығымыздың өмірімізде жауапты сәт. Біз өз Отанымызды, елімізді қорғау үшін жастарымызды Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге шығарып салғалы отырмыз. Алдағы ерекше бір жыл азаматтарымыздың сыналар шағы. Сондықтан жастарымыз қиындықтан қашпайтын сарбаз болатынына мен сенімдімін. Қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, абыроймен шекараны қорғап, ел алдындағы азаматтық міндетті орындап, аман-есен елге оралыңыздар. Сәт сапар!» - деп өз тілегін жеткізді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев. Сонымен қатар «Айбын» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері, соның ішінде Ақтаудағы №28 жалпы білім беру орта мектебінің «Жас теңізші» әскери патриоттық үйірмесінің және Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да салтанатты шараға куә болды. Патриоттық үйірме жетекшісі Сырым Жұмалиевтың айтуынша, елі үшін қызмет етуге аттанғалы отырған жастарды көріп оқушыларымыз жігерлене түседі. Бойында патриоттық, отансүйгіштік қасиеті қалыптаса бастайды. «Бүгін 20 азамат Отан алдындағы борышын орындауға аттанғалы отыр. Шекараны қорғауға бар күш-жігерін салады деп есептейміз. Мен де кезінде дәл осы жерде абыроймен міндетімді орындау үшін Венгрияға әскерге аттандым. Жігіт әскерде сыналады, шындалады. Сол уақытта бізді Венгриядан Ауғанстанға жіберді, сондағы соғысқа қатыстық. Ерлік танытып, жауға қарсы тұрдық. Қазір Аллаға шікір, бейбіт заман. Алдағы бір жыл сіздердің естеріңізде қалатын ең қадірлі кезең болатыны анық. Міне, алдарыңызда сіздерден үлгі алар жас буын тұр. «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері өздерің секілді рухты азаматтардан тәлім алады, бой түзейді. Жолдарың болсын», - деді Ақтау қаласының Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Матжан Шаулиев. https://www.youtube.com/watch?v=jAC6tuJIM-k Ал Маңғыстау облысы Қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығы, полковник Мақсат Тастанов.  «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде мерзімді әскери қызмет етуге маңғыстаулық мықтылардың мықтылары таңдап алынды. Құрметті ата-аналар, «Отаным» дейтін ұлдарды тәрбиелегендеріңіз үшін сіздерге үлкен алғыс айтамын», - десе, Маңғыстау облысының Ұлттық қауіпсіздік шекара қызметінің застава «Тарландары» төрағасы, полковник Владимир Колпаков «Біз осымен үшінші топты шекара қызметінде әскери міндетін атқару үшін шығарып салудамыз. Барлығының денсаулығы жақсы, арнайы тексеруден өтті. Ата-аналарымен сұхбаттасып, әскерге жіберуге келісімін берді. Әскерде жақсы хабарлармен қуантады деген ойдамыз», - дейді ол. Ата-ана тарапынан Қыдырқожа Елдесбаев сөз сөйлеп, әскерге аттанушы азаматтарға бата берді. Салтанатты шара соңында ата-ана, бауыр, туған-туыстары балалармен естелік суретке түсіп, жақсы тілектерін білдірді.

    Жұлдызай ҚАЛИЕВА

    Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="85985,85986,85990,85991,85993,85984"]
    1409
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам жастар беті маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Кәсіпкерлікке – кең өріс

    Келесі жаңалық

    Ұлық атақтың ұлағаты

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстаулық 20 сарбаз әскерге аттанды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2019 ] 3 қазан, 07:15
      1410

      Маңғыстаулық жастар Ардақ Назаровпен кездесті

      [ 2019 ] 2 қазан, 08:21
      1481

      Әзіл алаңында жаңаөзендік "Жалын" топ жарды (ФОТО)

      [ 2019 ] 17 қыркүйек, 08:00
      2213

      Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

      [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
      2711

      «Жаңаөзен жастары» журналы жарық көрді (ФОТО)

      [ 2019 ] 26 шілде, 10:54
      2821

      Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

      [ 2019 ] 26 шілде, 05:58
      2049

      Рубрикалар

        Анықтама бюросыФотоМаңғыстауКомплаенсТағайындауСараптамаРедакция ұжымыМұнайлыҚарақия

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

      23 тамыз, 14:18
      8691

      Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

      23 тамыз, 14:14
      3668

      Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

      23 тамыз, 13:46
      3578

      Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

      22 тамыз, 10:39
      1956

      Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

      17 тамыз, 22:45
      991

      Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

      17 тамыз, 21:49
      882

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»