• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 11 Мамыр 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстаулық жас спортшы ел чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды...

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы ш...

Маңғыстау облысы «сары» аймаққа өтті...

Ақтауда облыстық жас ақындар айтысы өтті...

Экологиялық қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді...

  • USD: 427.22 ₸
  • EUR: 519.71 ₸
  • RUB: 5.78 ₸

Бала дәрігері болудың бақыты бөлек

[ 2019 ] 18 қыркүйек, 05:46  |  Қоғам

Мамандықтың мықтысы немесе осалы, жаманы яки жақсысы болмайды. Қандай кәсіппен шұғылдансаң да сол істі жан-тәніңмен жақсы көріп, адал атқара білсең, ол сені бақытқа бөлейді, абыройға жеткізеді. Расында да, өмірден өз жолын адаспай тапқан адам, ұлы Абай айтпақшы, пәниге бір кірпіш болып қаланары анық. Міне, бүгінде аудандық орталық ауруханада еңбек етіп келе жатқан балалар дәрігері Ізбасарова Бағила Сүлейменқызы — жанына жақын мамандықты жаңылмай таңдап, айналасына ізгілік шуағын шашып жүрген өз ісінің майталман маманы. Кішкентай ғана бүлдіршіндердің саулығын жіті қадағалап, дер кезінде көмек қолын созуға асығатын кең жүректі балалар дәрігері Бағила Сүлейменқызымен денсаулық күні қарсаңында сұхбаттасудың сәті түскен еді. - Бағила Сүлейменқызы, осы мамандыққа қалай келдіңіз? - Мектеп кезінде бастауыш сыныптарда мұғалімдерім «Кім болғың келеді?» деп сұраса, мен әрдайым «Дәрігер боламын» деп жауап береді екенмін. Ес кіре бастаған шақтан бастап ізгілікке толы дәрігер мамандығы жайлы ой-пікірді бойыма сіңіріп өскендіктен бе, есейгенде адам жанының арашасы болуды армандадым. Менің бұл талпынысыма әкем мен анам үнемі дем беріп отыратын. Осылайша бала арманымды алға тартып, Жаңаөзен қаласындағы Маңғыстау облыстық медицина колледжіне түстім. Қиындығы мен қуанышы қатар жүретін дәрігерлік жолды таңдауыма себеп, колледжде оқып жүргенде Мөлдірхан Молдабекқызы деген педиатрия пәнінен дәріс берген ұстазыма ұқсағым келген. Өз ісінің нағыз маманы, білгенімен бөлісетін. Баланың дені сау болып өсуі дүниеге келгеннен басталады ғой. Мамандығымды жетік меңгеру үшін әрбір ана мен баланың денсаулығын жіті қадағалауды назарда ұстап, зерттей бастадым. Содан 1998-2004 жылдар аралығында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының педиатрия факультетін тәмамдап, ақ халатты абзал жандар қатарына қосылдым. Алғаш еңбек жолым Шайыр ауылдық амбулаториясында фельдшер қызметінен басталса, 2006-2009 жылдары облыстық периниталдық орталықта неонатолог болып жұмыс жасадым. 2009 жылдан бастап аудандық орталық ауруханада балалар бөлімінің меңгерушісі және перзентхана бөлімінің дәрігер-неонатологы қызметін атқарып келемін. - Бір күндік жұмыс уақытыңыз қалай өтеді? - Балалармен жұмыс жасаған өзіме қатты ұнайды. Ата-анадан «Балаңыз жүреді ме, тісі шықты ма, неше сөз айтады?» деп бастасаңыз болды, ата-аналар: «Күледі», мама, папа дейді» деп, ағынан жарылып, баласының қызықтарын айтып беріп жатады. Нәрестенің анасымен сөйлесіп отырғанда, әрине, қуанасың. Ал кейбір балаларда тісі шықпайды, өте терлегіш болады. Осындай шағымдарды естігенде ата-анамен қосылып, өзің де уайымдайсың. Шағымдарының бәрін тізіп, артынша қарап-тексеріп, өзіміздің арнайы емімізді тағайындаймыз. Баламен жұмыс жасағаннан соң оның табанын басқаннан не жегеніне дейін, не айтып не істегеніне дейін бәрін бақылап отырамыз. Дүниеде бауыр етің – балаңның ауырғанынан ауыр не бар? Осы жылдар ішінде сан түрлі тағдырмен кездестім. Сәбиін ажалдан арашалай алмай, зар жылап қалған ананы көрдім, туабітті дертке шалдыққан баланы көрдім, солармен бірге қамықтым, қайғырдым. Бірақ бір сәби дүниеге келсе, бір нәрестенің ауруынан айыққанын көрсем, риза болған ата-ананың алғысын естісем, қиындықтың бәрін ұмытып, солармен бірге қуандым. Денсаулығында дімкәсі бар балалар үшін алаңдап отырамын. Жазып берген дәріні уақытында қабылдап жүрген-жүрмегенін де тексеру күнделікті әдетіме айналып кеткен. - Бүгінгі балалар денсаулығы туралы не айта аласыз? Ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмендеді ме? - Алла бетін аулақ қылсын, ауданға келгелі еңбек тәжірибемде ана өлімі кездеспеді. Ал бала өлімі жөнінде айтсақ, былтырғы жылы 11 бала өлімі болса, биыл 8 айлық есептік көрсеткіш бойынша 4 бала өлімі орын алды. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, бұл, әрине, былтырғы жылдан әлдеқайда төмен. Бұл гинеколог мамандарымыздың кәсіби шеберліктерінің көрсеткіші деп білемін. - Қазіргі кезде балалар арасында кең таралған қандай аурулар бар, оның себебі неде? - Негізінен балалар арасында ең көп таралатын ауруларды жаз және қыс маусымы деп екіге бөліп қарастырамыз. Осы екі маусымда екі түрлі аурулар көбейеді. Қыс мезгілінде, әрине, балалардың тыныс жолдары аурулары. Кішкентай балаларда иммунитет өте төмен болады. Иммунитетті олар тек қана ана сүтінен алады. Соған байланысты қыста бізде қолқа-өкпе жүйесінің аурулары (пневмония) мен жаңа туған нәрестелерде сарғаюы көбейіп отыр. Оның бәрінің алдын алу үшін ата-аналарына ескертіп, қажетінше емдом жұмыстарын жүргіземіз. Кішкентай бөбектеріміздің дені сау болса, ата-ана мен біз үшін мұның өзі үлкен бақыт дер едім. - Болашақта осы мамандықты таңдағысы келетіндерге қандай кеңес бересіз? - Осы мамандықты таңдайтын жастарға, біріншіден, шыдамды, төзімді болуларын тілеймін. Өйткені тоғыз жыл оқу деген оңай емес. Оған қоса медицина университетінде оқытылатын сабақтар да жеңіл емес. Шыдамды, балаларды жақсы көретін, сол балаларды емдейтін, дәрігерлікке шын көңілімен барған адамдар ғана осы саланың нағыз маманы болып шыға алады. Ал нақты мақсаты жоқ мамандар бірінші курс болсын, бесінші курс болсын, жарты жолдан тастап кетіп жатады. Ең бастысы, алға мақсат қоя білетін адам ғана алдынан қанша қиындықтар кездессе де төзіп біледі. - Сұхбатыңызға рахмет! Жақсы маман қай кезде де сұранысқа ие. Үнемі ізденіс үстінде жүретін білікті маман әр сырқат сырына терең үңіліп, дәйекті диагноз қоюдың амалдарын жан-жақты қарастырады. Кішкентай бүлдіршіндердің сырқатын дөп басып айту үшін ең алдымен анализдерге жүгінеді. Былдырлаған бүлдіршіннің бал тілін түсіну былай тұрсын, оның денсаулығына үңілу тіптен бөлек. Қарап отырсаң, осының бәрі оңай шаруа емес. Тамшылай төккен тері, еселі еңбегі зая кетпесі анық. Аудандық аурухана қабырғасында ана мен балаға көмегін аямай жүрген Б.Сүлейменқызының бойындағы адами асыл қасиеттерін, жақсылық жасауға асығып тұратын кішіпейілділігін, кәсіби біліктілігін кішкентай бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары, жанында жүрген әріптестері жоғары бағалайды.

Дина ЖОЛДАСБАЙ

1136
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам денсаулық аудан тынысы маңғыстау
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

«Жайдарманның» келесі сайыстары

Келесі жаңалық

Сингапур үй тапшылығы мәселесін қалай шешті?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Бейнеуге 1 000 дана «Спутник V» вакцинасы жеткізілді

    26 наурыз, 15:43
    1636

    Аурухана компьютерлік томография аппаратымен  толықты

    18 наурыз, 12:07
    1832

    Маңғыстау ауданында оттегі станциясы жасақталды

    [ 2020 ] 5 қараша, 14:34
    3107

    Коронавирус жұқтырған маңғыстаулық бейнеүндеу жасады

    [ 2020 ] 28 мамыр, 10:55
    2060

    Көзді қалай күту керек?

    [ 2019 ] 11 желтоқсан, 05:45
    3929

    Бала дәрігері болудың бақыты бөлек

    [ 2019 ] 18 қыркүйек, 05:46
    1137

    Рубрикалар

      ҚұқықанонсАшық қоғамДенсаулықӘлем жаңалықтарыМаңғыстау жаңалықтарыСұхбатБейнеуАнықтама бюросыЖастар бетіБіле жүріңізТүпқараған

    Автордың басқа да жазбалары

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    362

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    368

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    978

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    526

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    326

    Балықшылар демалыс орны бой көтереді

    11 ақпан, 16:00
    349

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»