ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус бойынша еліміз өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
29 сәуірдегі мәлімет бойынша: «Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары тұр.
«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.