Кеше сағат 21.30 шамасында Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері заңсыз әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Букмекерлік кеңсе Жаңаөзен қаласындағы Рахат-3 шағын ауданының Жұлдыз көшесінде жұмыс істеген.
Полиция заттай дәлел ретінде 12 мониторды, 12 жүйелік блокты, 1 кассалық аппаратты және 2 теледидарды тәркіледі. Материалдар шешім қабылдау үшін Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.
Маңғыстау облысының полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаев, мұндай фактілер аз кездеспейді деп атап өтіп, азаматтарды ҚР заңнамасының нормаларын бұзбауға шақырады.