Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Жолдауды талқылады
[ 2019 ] 9 қыркүйек, 06:53 | Қоғам
Облыс орталығындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог–Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын талқылауға арналған Бірыңғай күні аясында этномәдени бірлестіктер мүшелерінің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оны кіріспе сөзбен ашқан Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина Жолдаудың бірқатар ережелеріне тоқталды. - Мемлекет басшысы Жолдауда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатынын атап өтті. Осы мақсатта этномәдени бірлестіктерді мемлекеттік тілге үйретуді оқыту жұмыстары одан әрі күшейетін болады, - деді Гүлжан Мақсұтқызы. Сондай-ақ дөңгелек үстел басында «Сакартвело» грузин этномәдени бірлестігінің мүшесі Автандил Гавашелишвили, Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі РафигаНасибова, «Жанғыру жолы» өңірлік штабының мүшесі Айляззат Газибекова, №23 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі Нина Савченко сөз сөйлеп, Жолдаудан туындайтын міндеттер туралы әңгімеледі және осынау маңызды құжатты қолдайтындарын жеткізді. Басқосуға қатысушылар Президент Жолдауындағы басты тапсырмаларды жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарына барынша белсенді қатысуға шешім қабылдады.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
644
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.