Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы не білеміз?
[ 2019 ] 9 қыркүйек, 08:31 | Қоғам
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың, мемлекет пен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісім-шарт негізінде еңбек ететін тұлғалар жарна аударуды бастаған болатын. Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін, бірінші кезекте, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің әрі жеке медицинаның дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуы есебінен жоғарылатуға мүмкіндік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулықтарын сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін жүйе болып табылады. Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызмет пакеттерінің 2 түрі ұсынылатын болады: Біріншісі – базалық пакет, мұнда республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі. Бұл пакет Қазақстан азаматтарының барлығына қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметтері: жедел көмек және санитариялық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлар кезінде көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық екпелер. Екінші – бұл қайта құрылған медициналық сақтандыру қорынан көрсетілетін сақтандыру пакеті. Оған кіретін қызметтер: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), стационардың орнын басатын көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейіргерлік күтім, жоғары технологиялық көмек. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарға 2020 жылға дейін амбулаторлық-емханалық қызметті бюджет есебінен тегін көрсету де қарастырылған. Сондай-ақ заңға сәйкес азаматтар жеке басына арналған, өз қаражаты негізінде немесе жұмыс берушінің қаражатына жасалатын сақтандыру түрлерін де жасай алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен ішкі жалпы өнімнен денсаулық сақтау саласына жұмсалатын жалпы шығын пайызы өседі, бұл медициналық қызметтердің жоғары сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Қаржыландыру көздерінің әртараптандырылуы және қаржыландыру мөлшерінің көбеюі экономикалық ынтымақтастық және дамыған елдердің деңгейіне жету бойынша жүргізілетін нақты іс-әрекеттермен жалпы мақсаттарды нығайтуға мүмкіндік береді. Медициналық сақтандыру ең алдымен адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. Сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған аурухана мен емханадағы дәрігеріне барып, емделуге мүміндік алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтардың емдеу ақысы дәрігерлерге сол қордан төленеді. Медициналық қызмет үшін жасалатын төлемдер қордағы ақшадан алынатын болғандықтан енді емдеу мекемелері арасында бәсекелестіктің басталатыны сөзсіз. Өз кезегінде бәсекелестік медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырады. Өйткені емделушілер қай медициналық ұйымға және қай дәрігерге баратынын өзі шешеді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халыққа медициналық көмек қалай көрсетіледі? Медициналық көмектің екі пакеті болады: