• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Бірыңғай жиынтық төлем төлеу қарапайым тұрғындар үшін маңызды

    [ 2019 ] 16 тамыз, 05:40  |  Қоғам

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) ұғымы туралы еліміздің азаматтарына кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу әлі де жалғасын табуда. Ендігі кезекте бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы МӘМС-дың пакеттеріне қол жеткізуге болады. «Бұл қалай жүзеге асырылады, қандай қаражат мөлшеріне төлем жасалады және қандай пайдасы бары?» жөнінде Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасымен құрылған әлеуметтік сала мамандарынан құралған топ өкілдері Баутин және Қызылөзен ауылдарының тұрғындарымен кездесуінде айтты. 2020 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында «Медициналық сақтандыру» атты жаңа реформа жүзеге аспақ. Бұл реформаның нәтижесінде халықтың бірдей медициналық пакеттерді пайдалану мүмкіндігі туады. Айта кетелік, мемлекет тарапынан кепілдік берілген көмек бойынша барлық азаматтар жедел жәрдем шақыруға, емханаға келіп, қаралып, стационарда жатып, тегін ем ала алатыны белгілі. Медициналық оңалту қызметін тек туберкулез ауруына шалдыққан науқастар ғана тегін ала алады екен. Бұл тақырыпты кеңінен қозғаған Маңғыстау облыстық «ӘМСҚ» жергілікті филиалының сарапшысы Л.Қалдығожина: - Негізгі жұқпалы емес аурулар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін жұқпалы аурулар да осы тәртіп бойынша емделеді. Бұл қызметтердің барлығы азаматтарға тегін көрсетілетін болғандықтан кепілдендірілген стандарт болып саналады. Екінші пакет – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті деп аталса, оған табысы орташа азаматтардың қалтасы көтермейтін МРТ, КТ, томография қызметтері енгізіледі. Бағасы қымбат болып келетін оталар, сирек кездесетін медицина қызметі түрлері, салалық медицина мамандарының қабылдауы қызметі кіретін бұл пакетті медициналық сақтандырыла алынған азаматтар пайдалана алады. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар үшін бұл пакетті пайдалану бірыңғай төлем төлеу арқылы жүзеге асады. Мысалы, үйде отырып кондитерлік өнім пісіріп, болмаса бет әрлеумен немесе таксист, асаба болып жүрген әрбір азамат бірыңғай жиынтық төлем төлесе, медициналық сақтандылғандар қатарына жатқызылады. Бірыңғай жиынтық төлем ауыл тұрғындары үшін 1263 теңге, қалалық тұрғындар үшін 2525 теңге болып бекітілген, - деп түсіндірді. Айта кетелік, қазіргі таңда мемлекет тарапынан сақтандырылған 15 категория бойынша кейбір азаматтардың жеңілдігі бар. Балалар, жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар, 3 жасқа толмаған баласының тәрбиесімен айналысатын әйелдер, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедек баласының денсаулығына байланысты күтім жасап отырған аналар, тергеуде отырғандар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектер, т.б. бұл категорияға кіреді. Қазақстанда еш жерде заңды жұмыс жасамайтын, жеке шаруашылығы да,кәсіпкерлігі де жоқ азаматтар медициналық сақтандырылған статусына қалай ене алады деген сұрақ өз-өзінен туындары сөзсіз. - Қазақстанда 18 млн-ның үстінде халық болса, оның 11 млн-ы автоматты түрде сақтандырылғандар статусын алады. Яғни жоғарыда айтылған 15 категорияға кіретін шамамен 11 млн. халық үшін 2020 жылдан бастап медициналық сақтандырудың түрлі пакеттеріне қаражат бөлуді мемлекет өз мойнына алған. Шамамен 5,7 млн. халық жалдамалы жұмысшылар статусын алып отыр. 2019 жылдан бастап жұмыс жасайтын топ үшін әрбір жұмыс беруші 1,5 пайыз мемлекеттік сақтандыруға жұмысшысы үшін аударым жасап отыр. 2020 жылдан бастап жұмыс беруші тараптан 2 пайыз, жалдамалы жұмысшы еңбекақысы тарапынан 1 пайыз, барлығы 3 пайыз медициналық сақтандыру қорына әрбір жалдамалы жұмысшы үшін аударылатын болады. Жұмыс берушілер, ИП, шаруа қожалықтары үшін де белгіленген мөлшерде медициналық сақтандыру үшін төлем жасауы керек болады. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген қалған азаматтар бірыңғай жиынтық төлем төлеуі керек. Олар еш жерге өзінің жұмысын көрсетіп қағаз жинамайды, ешқандай салық та төлемейді. 1263 немесе 2525 теңгені 3 ай үзбей төлесе, медициналық сақтандырылғандар болып есептеліп, қымбат медициналық қызметтер кіретін пакетке ие бола алады. Бұл төлемді төлегенде тек медициналық сақтандыру ғана емес, зейнетақы аударымы жүріп тұрған болып есептелінеді. Зейнатақы қорына төлем жасаудың маңызын декреттік демалысқа, зейнеткерлікке шыққанда ғана білесіздер. 2019 жылдың қаңтарынан басталған бірыңғай жиынтық төлем төлеу шартын 6 ай тұрақты төлесе, көптеген әйелдер босануға дейінгі мемлекеттен берілетін жәрдемақыны ала алады, - деп толықтырды медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалының бөлім басшысы А.Дәден.

    Клара МЕҢДІБАЙҚЫЗЫ

    1897
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам денсаулық аудан тынысы түпқараған
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Медициналық сақтандыру қызмет сапасын жақсартады

    Келесі жаңалық

    Маңғыстаулық «Zhamal-aі LTD» алғашқы индустриялық сертификатты иеленді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Түпқараған ауданының дәрігерлері өз бетінше ота жасайды

      [ 2022 ] 19 сәуір, 11:24
      2581

      Түпқарағанда 90 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

      [ 2021 ] 3 маусым, 09:50
      4582

      Таушықта жаңа емхананың құрылысы басталды

      [ 2021 ] 28 мамыр, 14:30
      4923

      Таушық ауылдық емханасына көлік сыйға тартылды

      [ 2020 ] 5 ақпан, 10:03
      2937

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы не білеміз?

      [ 2019 ] 9 қыркүйек, 08:31
      1736

      Бірыңғай жиынтық төлем төлеу қарапайым тұрғындар үшін маңызды

      [ 2019 ] 16 тамыз, 05:40
      1898

      Рубрикалар

        Редакция ұжымыАудан тынысыМұнайлыСаясатМәселеБіле жүріңізСараптамаРухани жаңғыруЖастар бетіҚұқықанонс

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3193

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2947

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2784

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3247

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3055

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3024

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»