• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Медициналық сақтандыру қызмет сапасын жақсартады

    [ 2019 ] 15 тамыз, 09:58  |  Қоғам

    Кеше Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Эрик Байжүнісов және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕАҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде өңірлік штабтың алғашқы отырысы өтті. Алдымен Эрик Байжүнісов отандық денсаулық сақтау саласының жанданып-жаңғыруына соны серпін беретін жаңа реформа жөнінде әңгімеледі. «2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құрамында медициналық қызмет көрсетуге ақы төлеу комитеті құрылып, комитет сақтандыру қорының прототипі ретінде, бастамасы ретінде қызмет атқарды. Сол жылдары комитеттің қаржыны тиімді жұмсау принциптеріне негізделген қазіргі қордың құрылғаны бос жерден емес, сол комитеттің жалғасы деп есептеуге толықтай негіз бар. Сақтандыру қорының істеп жатқанына екі жылға жуық уақыт өтті. Бүгінгі таңда қор қызметкерлерінің базасын аталған комитеттің ұжымы құрайды. Сондықтан қазіргі жасалып жатқан тірлікке жаңалық ретінде қарау жөн емес. Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зерттеулері мен  өзге мемлекеттердің тәжірибесін саралай келе, отандық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту және өркендету қосымша қаржы көздерінсіз мүмкін еместігіне көз жеткіздік. Сол себепті мәселені шешу жолы ретінде Елбасы нарықтық экономика негізінде қалыптасқан сақтандыру жүйесін енгізуді ұсынған еді. Әлеуметтік ахуалға тоқталсақ. Жыл өткен сайын халық саны өсіп келеді. Бала туу көрсеткіші де жоғары. Бір жағынан халықтың әлеуметтік-экономикалық  хәл-ахуалы тұрақты, тағы бір қырынан көз салсақ медицина саласының заман талабына сай техникалармен жасақталуы, қызмет көрсету сапасының  артуы да бұған себеп болмақ. Он жыл ішінде халықтың орташа өмір сүру жасы да ұзарды. Мәселен қазір 75 жасқа жуықтап қалды. Осыдан он жыл бұрын 60-65 жас шамасында еді. Адам жасының ұлғаюы деген сөз астарында кәрілік өмірдің ұзару ұғымы жатыр. Бүгінгі таңда  65 жастан асқандар үлесі  халықтың он пайызын құрап отыр. Мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылға дейін осы азаматтар саны 3 млн.-ға дейін жетеді деп күтілуде. Сонымен қоса 2025 жылға дейін халықтың 7 млн.-ға жуығын балалар құрайды екен. 2025 жылы халық саны 20 млн.-ға дейін жетсе, балалар мен қарттар 10 млн.-ды құрамақ. Осы есеп негізінде болашақта денсаулық сақтау саласына қанша қаражат жұмсалатындығы алдын ала болжанады. Елімізде жүрек-қан тамырлары және қатерлі обыр аурулары дендеп тұр. Өкінішке орай бүгінгі деңгей жыл алға жылжыған сайын өсе түсетіндігі болжанды. Сондықтан осы таңнан бастап қамдану қажет. Жас ұлғайған сайын ауру түрлері де, науқастар да қоғамда көбеюде. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша қатерлі ісік ауруына 148 мың азамат шалдыққан. Жыл сайын онкологиялық дертке душар болған 30 мың науқас есепке тіркеледі екен. Осы сияқты тенденцияларды саралай әрі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін есептей келе отандық денсаулық сақтау саласы қомақты қаражатқа зәру екендігін анықтадық. Жалпы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сараптамасы бойынша кез келген елдің денсаулық сақтау саласы тұрақты дамуы үшін қаржыландыру көлемі ЖІӨ –нің 5 пайызынан кем болумауы тиіс. Қазіргі таңда біздің елде бұл көрсеткіш 3,1 пайызды ғана құрап отыр. Ендіге ретте міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы қосымша қаражат көзіне қол жеткізу мүмкіндігіне ие боламыз», - деп атап өтті Эрик Байжүнісов. Сонымен қоса «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕАҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жаңа жүйенің халыққа пайдалы тұстарын тілге тиек етті. «2020 жылдан бастап екі  медициналық пакет негізінде  халыққа қызмет көрсетіледі. Бүгінгі таңда және бұған дейінгі көрсетіліп жатқан тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлемі соңғы жылдары 1 трлн теңге қаражатты құрап отыр. 2020 жылы бұл пакетпен бірге міндетті әлеуметтік медициналық қызмет пакеті іске қосылады. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бұл мемлекеттің жалпы жұртшылыққа беріп отырған минималды әлеуметтік стандарты. Бұның ішіне негізінен шұғыл түрде көрсетілетін медициналық көмектер, яғни жедел жәрдем, санитарлық авиация, балалардың егілуі, ҚР Үкіметінің тізбесімен бекітілетін әлеуметтік мәні бар науқастар, содай-ақ қоғамға қауіп төндіретін науқастар, динамикалық бақылауда болатын 25 түрлі аурулардың жиынтығы кіреді. Бұған аурушаңдық және мүгедектік көрсеткішімізге және өмір сүру ұзақтығымызға әсер ететін  негізгі аурулар топтастырылған және оның тізбесі жарияланған. Ал енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті құрамына азаматтардың қалтасы көтермейтін қымбат әрі жоспарлы түрде көрсетілетін күрделі медициналық көмектің барлық түрі кіреді. Бұл негізінен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған керемет реформа десек артық айтпағандымыз. Тағы бір мәселе, біз бұл ретте сақтандыру қоры мен медицналық ұйым арасында келісімшарт негізінде реттелген көрсетілетін қызмет тарифі жөнінде сөз қозғамақпыз. Тариф неғұрлым жоғары болған сайын  оның құрамына сол мекеменің дамуына әрі қызметкерлер жалақысын ұлғайту, мамандардың кәсіби дағдыларын шыңдау  әрі қолданыстағы құрал-жабдықтарды амортизациялауына кететін шығындарды өтеу  де кіретіндігін ескерген жөн. Бұны да игілікті шара деп сеніммен айтуға болады», - дейді Б.Исмаханбетов. Облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев жаңа жүйе жайында халықты ақпараттандыру әрі түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізу қажеттігін, қысқа мезгілде межеге жету маңызын сөз етті. Сонымен қоса келелі жиында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Ә.Сағынбаев еңбек әмртебесі жоқ адамдарды анықтау мәселесі бойынша сөз сөйледі. «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті ақпараты бойынша облыста еңбек мәртебесі жоқ адамдар саны 15 794 адамды  құрады. Қалалар мен аудандар әкімдері осы контингентпен  тығыз жұмыс істеуі керек деп ойлаймыз. Бүгінгі таңда жалдамалы жұмысшылар саны 905 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 5527, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар 5019 адамды құрап, жұмыс күші құрамына кірмейтін тұлғалар 827-ге жетті. Оның ішінде жүкті әйелдер, студенттер, көшіп кеткендер, қайтыс болғандар бар. Формализациядан бас тартқандар 1081 адам. Осындай контингентке аса көңіл бөліп,  мәселені шешу жолында жұмыс істеу керек», - деп мәлімдеді ол. Отырыс барысында жаңа жүйе жөнінде қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.

    Голрох ЖЕМЕНЕЙ

    976
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жастар Life ‑ Түпқарағанда

    Келесі жаңалық

    Бірыңғай жиынтық төлем төлеу қарапайым тұрғындар үшін маңызды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2653

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      2737

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5793

      Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

      [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
      4638

      Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

      [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
      3623

      Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

      [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
      3361

      Рубрикалар

        Редакция ұжымыАудан тынысыАуыл өміріЖарнамаСараптамаМәселеКомплаенс

      Автордың басқа да жазбалары

      «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
      1730

      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

      [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
      2832

      Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

      [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
      1708

      Сапалы өнім – табыс көзі

      [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
      2071

      Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
      2261

      Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

      [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
      1632

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»