• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Сайлау учаскелері сайлаушыларды қабылдауға дайын

    [ 2019 ] 6 маусым, 09:05  |  Қоғам

    ©

    Еліміз үшін маңызы зор сайлау кезінде бақылау жүргізетін кәсіби бақылаушылар құрамы жасақталған. Қазір Маңғыстауда 223 сайлау учаскесі сайлаушыларды қабылдауға әзір. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Аманат» азаматтық платформасының облыстық штаб жетекшісі Ғалия Жалғасбай мен мобильді капитаны Ирина Проняева айтып берді. «Аманат» азаматтық платформасының негізгі миссиясы – кезектен тыс Президент сайлауының әділ әрі ашық өтуін, сайлауға дейінгі және сайлау барысындағы және кейінгі ахуалға қоғамдық мониторинг жүргізу. Бұл мониторинг 5 мақсат не­гізінде жүргізіледі. Біріншіден, сайлаудың тең деңгейде өт­кізілуі, екіншіден, сайлаушылардың өзі қалаған үміткеріне саналы түрде таңдап дауыс беруіне мүмкіндік жасау, үшіншіден, сайлаудың әділ және ашық өтуін қамтамасыз ету және оған тәуелсіз бақылаушылар тарапынан бақылау орнату, төртіншіден, үміткерлердің саяси немесе қоғам­дық қызметтерінің бағыт­-бағдарлары әр алуан болуына қарамастан қоғамның сарапшылар тарапынан барлық үміт­керлердің сайлауалды бағдарламаларымен танысу арқылы және олардың ортақ келісімге келіп бір таңдау жасауын жүзеге асыру, бесіншіден, кері байланыс, яғни қоғамның өзінің болашақ Президентіне өз аманаттарын тапсыруы. 9 маусым күні өтетін Президенттік сайлауға мониторинг жүргізу мақсатында арнайы байқаушылардың қатары жасақталып, олар заңды тұрғыда білімдерін жетілдірді. Жалпы облыста сайлау кезінде бақылау жүргізетін кәсіби байқаушылардың 223 құрамы бар. Олардың 40 пайызын жастар, 60 пайызын орта буын өкілдері құрап отыр. Тәуелсіз бақылаушылардың жүйесі облыста алғаш рет ұйымдастырылып отырғандықтан ауқымы да кең. Сондай­-ақ мобильдік капитандар мен байқаушы топтарды оқыту облыс көлемінде жүзеге асып, штаб өкілдері ауыл­аудандарды аралап бірнеше рет кездесу өткізді. Қазіргі уақытта сайлау учаскелері мүшелерінің тең жартысы жаңарған. Сайлау комиссияларының құрамы дауыс берушілердің санына қарай 5­-тен 11 адамға дейін көбейеді, ал «аманаттықтар» ешбір кандидатқа жақтас бола алмайды. - «Аманат» азаматтық платформасының өңірлік штабы 7 мүшеден құралды. Штаб өз жұмысын жүргізіп жатыр. Тұжырымдамаға сәйкес тәуелсіз бақылаушылар жүйесін құру үшін оларды оқытумен айналысатын он мобильдік капитан дайындалды. Олар аудан­ауылдарды аралап, шеберлік сағаттарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісуде. Қазіргі уақытта бір облыстық, жеті аумақтық сайлау комиссияларының құрамына біріккен 223 учаскі саяси науқанға толықтай дайын. Бұл жұмыстардың барысы біздің қоғамдық бақылау тарапынан жүргізілді. Сайлауға дейінгі жұмыстар түгелге жуық іске асырылған. Сайлау учаскелеріне барғанда жасалған жекелеген ескертулер қайтадан қаралатын болады. Сайлауға дейінгі жұмыстарда өрескел заң бұзушылықтар болған жоқ. Біздің  аңғарғанымыз, осы жолы облыстағы 223 сайлау учаскесінің 50 пайыздан астамының жаңартылуы. Онда республикадағы белгілі 6 саяси партияның өкілдері қатыстырылып отыр. Мұнымен қоса, сайлау комиссиялары үшін сайлау кезінде олардың міндеттері мен құқықтарын түсіндіруге бағытталған бірнеше кездесулер, семинарлар өткізілді. Сайлауға дейінгі жұмыстарға бақылау жүргізетін бақылаушылардың құрамы, саны 223 бола тұра, оның 40 пайызы жастар және 60 пайызы – белсенді қыз­келіншектер. Сондай­-ақ сайлаудың барысына қоғамдық бақылауды жүргізуді көмектескен біздің облыстағы ондаған қоғамдық ұйым бар. Қазақстанда тұңғыш рет тәуелсіз бақылаушылардың жүйесі алғаш рет ұйымдастырылып жатқандықтан бұл қызметтің ауқымы да үлкен, міндеттері де зор. Біздің мобильді капитандарымыз бен бақылаушы топтарымыз жекелеген штабтарда сенімді өкілдермен кездесу өткізді. Әсіресе осы ретте барлық кандидаттарға теңдік жағдайда мүмкіндік жасалғанын айта кеткеніміз жөн, – деді «Аманат» азаматтық платформасының облыстық штаб жетекшісі Ғалия Жалғасбай. Мобильді капитан Ирина Проняеваның айтуынша, тре­нингтің мақсаты – сайлау, сайлау уақытында бақылаушы­лардың құқықтары мен міндеттерін, аумақтық сайлау комиссияларымен өзара қатынас механизмі, ОСК, үміткерлер штабтары, бұзушылық тіркелген жағдайдағы бақылаушылар әрекеттері туралы өзекті құқықтық ақпараттарды жеткізу. - Мұндай тренингтер адал да ашық сайлау үшін өткізіледі. Тәуелсіз бақылаушыларға оның міндеттері мен құқықтары айтылады. Оларға сайлау уақытында не істеу керектігі, қалай бақылау жүргізу және заң бұзушылық болса қалай әрекет ету қажеттігі үйретіледі. Тренинг бағдарламасы халықаралық стандаттарға сай. Соңынан барлық қатысушыларға сертификаттар мен «Бақылаушы блокноты» беріледі, – деп атап өтті мобильді капитан. «Алас» құқықтық қолдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Ирина Проняева алғаш рет «мобильді капитан» болып отыр. Ол өз қалауымен «Аманат» бағдарламасына қатыстуды көздеген екен. Басқа да қоғам белсенділері секілді ол да осы міндетті азаматтық парыз деп біледі. «Аманат» азаматтық платформасының өңірлік штабы барлық сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін бақы­лаушыларды даярлаумен айналысады. Кандидаттардың қызметтерінің әр түрлілігіне қарамастан, тең деңгейде бір таңдау жасауды мониторинг жүзеге асырады. Сонымен қатар әрбір азамат өзі таңдаған президентіне жеке аманатын тапсырады.

    Жайық НАҒЫМАШ

    936
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Осы жұрт ер Әдекті біле ме екен?!

    Келесі жаңалық

    Түпқараған ауданында көше тренажері пайдалануға берілді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2686

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      886

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2659

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2109

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      3055

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5889

      Рубрикалар

        Редакция туралыЖастар бетіҚоғамӘлем жаңалықтарыСпортАнықтама бюросыӘдебиетанонсСұхбат

      Автордың басқа да жазбалары

      Еңбек иелері құрметке бөленді

      [ 2019 ] 19 қараша, 05:38
      2036

      Волонтерлік – елге ерікті қызмет

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:12
      4639

      «Университет – ой-пікірлер аймағы» атты халықаралық форум өтті

      [ 2019 ] 12 қараша, 09:16
      1830

      Энергетиктер жемқорлық күдігімен ұсталды

      [ 2019 ] 5 қараша, 05:52
      1585

      Маңғыстау облысының әкімі Хорватия делегациясымен кездесті

      [ 2019 ] 31 қазан, 05:54
      1443

      Қарақияның қарышты қадамы

      [ 2019 ] 28 қазан, 05:38
      1916

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»