1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлт саулығын сақтауға бағытталған ашық алаңдағы көше тренажері қала жастарына тарту етілді. Ашық алаңның ашылу салтанытында аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиұлы, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның халықпен қарым-қатынас және кадр жөніндегі вице-президенті Балабай Шелпеков және қала жастары мен спортшылар қатысты. Жастар жылы аясында спорт кешені ауласына салынған көше тренажері арқылы қала жастары спортпен тегін шұғылданып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік алады. Ауданымызда 41 нысан жұмыс жасайды. Оның ішінде 3 спорт кешені, 2 тир алаңы, 25 спорт алаңдары және 11 жалпы білім беретін ұйымдардағы спорт залдар қызмет атқарады. Бүгінгі таңда жастарға арналып жасалынатын істер қатарында олардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау, көңіл бөлу – басты назарда. Қала, ауыл ішінде әлі де жетіспейтін ашық алаңдар қатарын азайту жұмыстары ұйымдастырушы басшылықтың күн тәртібінде қарастыратын мәселесі болса, жастар жылының аясында бұл мәселелер де өз кезегімен шешімін таба бермек.
Ақкетік-ақпарат