• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 27 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Н.Жантөрин театрының директоры тағайындалды...

Түпқарағандық жігіт Венгрияда ұшқыш мамандығын меңгеріп жүр...

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

  • USD: 421.91 ₸
  • EUR: 511.57 ₸
  • RUB: 5.59 ₸

Көлге айналған көшедегі суларды кәдеге жаратайық

[ 2019 ] 4 сәуір, 12:16  |  Қоғам

©

Табиғаттың тосын мінезіне таңырқаудың қажеті жоқ. Әсіресе, жазғұтырғы жаңбыр жылда болмағанымен жыл аралап жаңаөзендіктерді қарбаласқа салып тұрады. Бірақ оны өткен жылдағыдай құрғақшылықта қайтадан ұмытып кетеді. Бір күндері қайтадан жаңбыр жауса, халық қайтадан зардап шегіп, әбігерге түсер-ау деген ой ешкімнің үш ұйықтаса түсіне кірмейтіні жаман. Тек үйлер жаңбыр суының астында қалып, телефон шалып, тынымын алып, түн ұйқысын төрт бөлгенде ғана аяқастынан тыпырлайды да қалады. Жалпы Жаңаөзенде жазғұтырғы жаңбырдан жапа шегетін белгілі-белгілі нүктелер бар. Оны жұрттың бәрі жақсы біледі. Ал әлгі мотопомпа, өрт сөндіру мәшинелері мен су тасушы мәшине жүргізушілерінің құлақтарына хабар тиюден жылдағы үйреншікті орындарына шаба жөнеледі. Бірақ оның «емін» билік әлі таппай жүрген секілді. Ондай белгілі нүктелер қала көшелерінде, әсіресе асфальттанған көшелердің ойдым-ойдым ойпаң жерлерінде бар. Рахат ауылында 7-8 жерде, Теңге ауылының 5-6 жеріндегі су көп іркілетін көшелерді іздемей-ақ тауып алуға болады. «Рауан» шағынауданындағы №9, 10 үйлер де ойпаң жерге орналасқандықтан ол да «қауіпті аймаққа» жатады. Тіпті шағынаудандағы бүкіл ақаба су №9 үйдің жертөлесіне үйір. Өрт сөндірушілер келіп жетемін дегенше әлгі жертөле аузы-мұрнына дейін шүмпілдеп толады. Сосын жазымен маса, сона, құрт, құмырсқаның сүйікті орнына айналады. Міне, 1 сәуір күні түнде басталған жаңбыр 2 сәуірде түске дейін күшейіп, түстен кейін кешке дейін сіркіреді де тұрды. 1 сәуір – күлетін, алдайтын күн болғандықтан ба, алғашында әкім қаралар көмек сұрап, телефон шалған тұрғындардың сөзіне сенбеген сияқты. Себебі су соратын көліктердің басын біріктіре алмай бір мезгіл жүріпті. Сол сіркіреп жауған жаңбыр суы бұрынғының үстіне жамалып, ауылдар мен қала халқын біраз әбігерге салды. Рахат ауылының кейбір тұрғындары «Көшедегі ақаба сулардың ағыны ауламызға жайылып, үйлерімізге құйыла бастады. Оның алдына бөгет жасап, арнасын бұруға  шамамыз жетпей жатыр» деп жан-жақтан дабыл қағып жатты. - Таңертең ауылымыздағы «Рахат» шағынауданының 1, 4, 9, 10 көшелері мен «Ақсу» шағынауданының 6, 9 көшелерінің тұрғындарынан шұғыл көмек сұраған сұраныстар түсті. Соған су соратын бір көлік жібердік. Түстен кейін «Өзенмұнайгаздан» тағы су соратын 2 көлік келеді деп күтіп отырмыз, - дейді Рахат ауылының әкімі Өсербай Табыншаев. – Шамасы әлі де мұндай жерлер көбейетін шығар. Себебі аспандағы бұлт жуық арада сейілетін түрі жоқ, тұтас. Жаңбыр азаннан бері әлі жауып тұр. 1-2 сағат тынбай жауса ауылдың біраз жерін су алатыны белгілі. Ақаба сулар қашан күннің көзі түсіп, өзі жерге сіңгенімен әуелі шалшыққа, кейін қою батпақ балшыққа айналып көпке дейін кеппей жатады. Сол үшін биылдан бастап «Ақсу» шағынауданының 5 және 6 көшелерімен басқа да бірқатар көшелерге арнайы суағарлар жасауға қаржы қарастырылып жатыр. Жобалық сметалық құжаттары жасақталды. №6 шағынаудан деп аталатын «Рауанда» да қарбалас жұмыстар жүргізілуде. Бір жерде  жоғарыда айтқан №9 және 10-үйлердің айналасына қолдағы бар күш жұмылдырылған. Сол жердегі ЖПИК-тің 4-5 жұмысшысы қалталарға құм салып, оның үстін топырақпен көміп, бөгет жасап, ағын судың алған бағытын өзгертіп жүр. Екінші бір жерде, №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 1 көлігі мен 3 мотопомпасы жұмыс істеп тұр. Оған бөлімшеден 10 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Мұндай жұмыстар сол күні түн ортасына дейін жалғасты. Қалғаны тағы ертеңгі күннің еншісіне қалды. Қарап отырсаң табиғаттың тосын мінезіне тосқауыл қойып, тұрғындарды қарбаластан құтқару үшін қаншама адам күші мен техникалар жүр. Ал оларды іске қоспасаң апаттық жағдай болуы мүмкін. Тұрғындардың баспаналарын айтпағанда мұнай мен газ құбырларынан басқа коммуникациялық жүйелер жер астында жұмыс істеп тұр. Солардың бірі болмаса екіншісіне зақым келсе қанша уақыт қолбайлау болатынын құдай білсін. Оған кететін қаржылай шығынды және қосыңыз. Ал қазірдің өзінде жұмсалып жатқан шығынды экономистер есептей жатыр. Өйткені жаңбырдың суын тойтару үшін қала мекемелерінен жоғарыдағы біз айтқандардан басқа көптеген техника іске қосылып, біраз жұмысшы жұмылдырылды. Осылардың жанар, жағар майларына, жалпы амортизациясына жұмысшылардың жіліншік майын (еңбек ақысын) қосқанда адамның шашының саны демей-ақ қояйық, шоттың тасының саны-ақ біраз көрсеткішті анықтап тастайды. Сондықтан әр жылы жұмсалатын осынша шығынның басын қосып, төмендегідей шараларды іске асырса «Құда да тыныш, құдайғай да тыныш» болар еді деген ойдамыз. Жаңаөзеннің шығысы мен батысынан, әлде арқа жағынан немесе құбыласынан бірнеше мың текше метрлік сыйымдылыққа ие жерасты сусақтағышы (септик) салынса нұр үстіне нұр болар еді. Оған қаланың және ауылдың ойпаң көшелерінен жабық дренаждар тартылып, қар-жаңбырдың көшелерге кілкіп кететін ақаба сулары әлгі алып септиктерге құйылып тұрса. Қар-жаңбырдың суының дәмі сірә кермек емес, тұщы. Оған қоса Жаңаөзеннің жері сортаң емес. Демек, септикке жиналған су ашымайды деген сөз. Ол суды жазда әбден тұнғасын басқа мақсаттарға  пайдалануға болады. Әйтпесе, көктемде өзінен-өзі ағып келген жабық дренаждар арқылы, яғни құбырмен кері ағызып, көгалдандыру жұмыстарына қолдануға да болады. Күнделікті жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына пайдаланса да артықшылық етпейді. Сонда сонау Қиғаш арқылы Еділден келіп тұрған таза ауыз сулар үнемделеді. Өзінен-өзі жиналған тегін су «Тазалық» әлде «Өзенинвест» сияқты мекемелердің құзырына беріп, жауапкершілігіне жүктеп, тұрғындардың өзіне арзандау бағамен қайта сатса да болады. Бұл екіншіден, қаржы табуға да септігін тигізеді. Бірақ оған ерінбейтін еңбекқорлық пен ең бастысы құнт керек. Дегенмен менің осы ұсынысымның түбінде іске асатынына кәміл сенемін. Өйткені суға деген сұраныстың әлемдік деңгейде күшейіп келе жатқандығын, тіпті проблемаға айналып бара жатқандығын өмірдің өзі қазірден-ақ көрсетуде. Сондықтан тиісті мамандар мен басшылар бұған мысқылдап, миығынан күліп, кері тартпай, осындай игілікті істерді дер кезінде жүзеге асыруға құлшыныс танытса, ештеңеден ұтылмайды. Керісінше ұтады.

Мұратбай ҰЛЫҚПАН

Сурет автордікі

491
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам мәселе
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

74 жылдан кейін жеткен орден

Келесі жаңалық

Тұңғыш академик Қаныш Сәтбаев

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Маңғыстау жұрты қандай су ішіп отыр?

    [ 2020 ] 27 ақпан, 15:04
    4612

    Халықтың талабы ескеріле ме?

    [ 2020 ] 26 ақпан, 15:56
    1659

    Құрықтағы кәріз суы: Мәселенің мән-жайы

    [ 2020 ] 3 ақпан, 09:56
    1222

    Көлге айналған көшедегі суларды кәдеге жаратайық

    [ 2019 ] 4 сәуір, 12:16
    492

    Үкімет мүшелері жаңаөзендіктермен жүздесті

    [ 2019 ] 16 наурыз, 10:56
    622

    «Қошқар ата» көлі қашан қалпына келеді?

    [ 2019 ] 24 қаңтар, 11:37
    1409

    Рубрикалар

      МаңғыстауЖастар бетіEXPO - 2017Байланыс мәліметтеріАудан тынысыБейнеуЖаңаөзен - 50 жылСұхбатМұнайлыРедакцияРухани жаңғыруАнықтама бюросы

    Автордың басқа да жазбалары

    ҚР-ның Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ерекшеліктері

    [ 2020 ] 25 желтоқсан, 10:22
    266

    «Kaz Fruit» жұмысымен танысты

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:27
    251

    «Адал» экологияға көңіл бөледі

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:25
    236

    Ауыл мұғалімдерімен кездесу

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:24
    349

    Алаш идеясы – Асыл мұрат

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:21
    239

    Мұнайлыда 150 төсектік аудандық аурухана салынады

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:19
    322

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»