Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының халқы өз аймағының экологиясына алаңдаушылықтарын білдірді.
Табиғи орындардағы туристік қалдықтар мен қаладағы коммуналдық қалдықтарды жинау, қайта өңдеу жүйесімен байланысты жағдайдан басқа, өндірістік қалдықтардың өткір проблемасы бар. Үкіметтің «Атом энергетикасының тазалығы» туралы сендіруіне қарамастан, тұрғындар күн сайын Қошқар ата көлінің түбінде жатқан қалдықтардан улы әсерге және радиациялық сәулеге ұшырайды. Елдегі көмірсутек индустриясының кеңеюімен бірге мұнай қалдықтарының көлемі де өсуде. Бұл мемлекеттің бүкіл батыс аумағының экологиялық ахуалына теріс әсер етуде.
«Adal» партиясының өкілі Лаура Маликова тұрғындардың мәселелерін тыңдап, өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ ол «Adal» партиясының экологиялық блогы туралы және бұл құжат қоршаған орта мәселелерін шеше отырып, адамдардың өмір сүру сапасын қалай жақсартуды ұсынатыны туралы айтып берді.
Жайық НАҒЫМАШ