Бір қабаттағы ғимараттармен салыстырғанда биік тұрғын-үй ғимараттар өзінің спецификасына қарай, өрт қауіпсіздігінің ықтималдығы жоғары деңгейде болады. Кәдімгі ғимараттарда шешілетін көптеген сұрақтар, биік ғимараттар үшін проблемалық болады.
Көптеген өрттердің орын алу себебі - бұл адамдық немқұрайлылық, электржылытқыш құралдармен ұқыпсыз қолдану, электр желілердің, электр жабдықтарының монтажын және қолдану ережелерін бұзу, мас күйде шылым шегу кезінде байқаусыздық, балалардың отпен ойнауы болып табылады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жасыл экономика — қоқыс сұрыптаудан басталадыТұрғын үйлердің төмен,гі қабаттарында орналасқан сату, байланыс, коммуналды-тұрмыстық, қоғамдық тамақтану орындарында және жапсарлас бөлмеде өрт болған жағдайда жоғары қабаттарда тұратын адамдарға қауіп пайда болады.
Жоғары қабаттарға өрттің тігінен тез арада туындауы эвакуациямен құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету өте үлкен қиындық әкеледі.
Маңғыстау облысы төтенше жағдалар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері жоғарғы қаббаттағы тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті барлық азаматтарды белгіленген ережелерді қатаң сақтауларын, өртке немесе жануға әкелетін әрекеттерді жасамауға шақырды.
Пәтерлерде лезде жанатын және жанғыш сұйықтармен газды баллондарды, сонымен бірге балкондармен лоджияларда жанғыш заттарды сақтамауға, әр түрлі материалдар мен жабдықтармен дәліздерді, баспалдақтарды үйіп тастамауға шақырды. Төтеншеліктер тұрғындарға балаларын қараусыз қалдырмауларын, бүлдіршіндердің қолы жететін орындарға сіріңкелерді қоймауларын, сондай-ақ оттықты мас күйде қолданбауларын ескертті.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмеріне хабарласыңыз.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР