Соңғы жылдары жене орта бизнесті дамыту, әр өңірдегі жұмыссыз азаматтарды өзін-өзі жұмыспен қамтуы үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы оқытып, кәсіпке баулып келеді.
Соңғы жылдары біздің ауданымыздың көптеген азаматтары кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Соның бірі аудан орталығынан тұңғыш рет ашылған «Сегізбай ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі ет консервілеу цехын ашып, жаңа бастама бастаған болатын. Енді, міне, сол кооператив түйе сүтінен өнім өндіретін С.Шапағатов ауылындағы жаңадан ашылған цехпен түйе сүті мен шұбатын тапсыруға келісім-шарт жасасып, жұмысын бастағалы отыр. Күнелтісін малдан тапқан аудан тұрғындары түйенің сүті мен шұбатын тапсыратын жердің жоқ екенін айтып жүргендеріне де көп уақыт болды. Енді «Сегізбай ата» кооперативіндегі арнайы сүт қабылдайтын орынға жергілікті халық өз малының дені сау деген анықтама қағазы арқылы сүтін тапсыруға мол мүмкіндігі бар. Тапсырылған сүттің құнарлығын, майлылығын, қоспасының бар-жоғын арнайы аппаратпен анықтап, сапасына, тазалығына мән беріледі. Қабылданған сүт бір тонналық мұздатқышта сақталып, оны арнайы көлікпен орталыққа жөнелтеді. Мұндай орталық аудан орталығынан шалғай Қызан ауылында, екіншісі Шетпеден ашылып отыр.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда «Қаламгер азамат» фестивалі қорытындыландыБолашақта тек қана түйе сүті емес, ешкі, қой, сиыр сүті де қабылданатын болады. Жалпы ауданға ірімшік (сыр), сүзбе, йогурт, қаймақ бәрі сырттан әкелінеді. Енді сол тағамдарды қоспасыз өз жерімізде дайындауды қолға алған кәсіпкерге қолдау танытып, сапасы мен қоспасы беймәлім тағамдарды тұтынғаннан гөрі, өз жеріміздің құнарлы өнімінен дайындалған сапалы тағамды қолдағанымыз жөн болар.
Ж.АМАНҚҰЛОВА