Киелі Маңғыстау өңірі мен Атырау облысы арасындағы байланысты нығайту, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» жобасының аясында жемқорлыққа қарсы күресу және мемлекеттік қызметкерлердің сапасын арттыру мақсатында Нұрлан Ноғаев бастаған Атырау облысының делегациясы іссапармен Маңғыстау облысына келді.
Аталған жұмыстардың қаншалықты деңгейде жасалып жатқанын талқылау үшін көрші қос облыстың әкімдерінің қатысуымен жиын өткен болатын. Жиын барысында сөз бастаған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов келелі кеңестің көптеген игі жақтары барын айта отырып, өңірімізге келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев келешекте бірлесіп атқарар жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, жүздесудің нәтижесі оңынан боларына сенім білдірді.
Маңғыстау облысында Елбасының нұсқауымен тапсырылған жұмыстардың қаншалықты деңгейде атқарылу, нәтижесін баяндау мақсатында тізгін алған Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Әсел Болманова өз кезегінде:
- Мемлекеттік қызметкерлердің сапасын арттырып, жалақысын жетілдіру Елбасымыздың жыл басынан бері бағдар берген жобасының маңызды тұсы. 2018 жылдың қаңтарынан бастап облысымыздағы жергілікті атқарушы органдарда қызмет ететін 1285 лауазымды қызметкердің 84-іне қысқарту жүргіздік. Себебі лауазым иелерінің орны әртүрлі болғанымен, бір бағыттағы ғана жұмыстарды орындайтын қызметкерлердің болуында. Со нымен қатар атқарылар жұмысты тиімді орындау үшін мемлекеттік қызметкерлерді лауазымына қарай 3 топқа жіктедік, олар – негізгі (басқарушы), жәрдемдесуші (орындаушы), қосалқы (шаруашылық) бөлімдерден тұрады, – деп мәлімдеді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда 1 қыркүйек күні 9 жаңа мектеп ашылдыБиыл ең ескерер жайт – мемлекеттік қызметкерлердің жалақасының артуы. Бұдан былай жаңадан орныққан жас мемлекеттік қызметкерлер 190 мың көлемінде жалақы алады, ал қызметте жылдап жүріп еңбек еткен қызметкердің жалақысы еңбек өтіліне байланысты өсіп тұрады. Орындалған осы жұмыстардың арқасында мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлық жойылып, қызмет сапасы 2 есеге артады деп күтілуде.
Алқалы жиынның соңына қарай азаматтар өздерін мазалаған сұрақтар бойынша қос облыс әкіміне сауал тастап, қажетті ақпараттарына көздері жетті.
Мадияр ТӨЛЕУОВ