©
2018 жылдың 1 шілдесі. Сағат 10:00. Бұл күні Бейнеу ауылының тұрғыны Айгүл Мұңалбаева мен оның перзентханада өмірге келген үшінші сәбиіне ұмытылмастай ерекше қуаныш сыйлады. 1 шілдеде ұл баланы өмірге алып келген ананы Қазақстан халқы Ассамблеясының Бейнеу ауданындағы өкілі, мәслихат депутаты Шайхы Азанов елімізде биыл тұңғыш рет өткізіліп жатқан Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, «Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра» акциясының құнды сыйлығы - қазақтың қара домбырасы мен ақ тілегін табыстады.
Сәбиге домбыра мен ақ тілекті табыстауға аудандық орталық аурухана директоры Байтүгелова Зәуре, перзентхана бөлімі меңгерушісі Тыныштық Жақсылықова, аудандық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Тұралы Жолышов қатысты.
Қартбай ҚОЖАЕВ
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстаулық мешіттер бес айда 1 460 адамға көмек берген