«Хан Шахар» салтанат сарайында мемлекеттік деңгейдегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының әкімдігі мен білім басқармасы бірлесуімен Жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің салтанатты шарасы өтті.
Аталмыш шара жұмысшы мамандығын дәріптеу, жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін көтеру, өндіріс орындарындағы жас мамандардың, мектеп оқушыларының, студенттердің, ата-аналардың, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынған. Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары, жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің ұйымдастыру комитеті, халықаралық сарапшылар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері және студенттері, әлеуметтік серіктестер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Сайыстың сапалы өтуін бақылау үшін Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстық білім басқармасының өкілдері, IT технология бойынша сарапшылар мен мамандар да тартылған.
2017 жылы Абу-Даби қаласында өткен халықаралық чемпионатта Қазақстан командасы 75 елдің ішінен 24-орыннан көрінді. Жыл сайын еліміз осы жобаға жоғары талаптар қойып келеді. 2018 жылдан бастап республикалық «WorldSkills» кәсіби шеберлік сайысы ағылшын тілінде өтетін болады.
Аймақтық «World- Skills Ақтау» чемпионаты 2015 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Алғашқы жылы сайысқа бар-жоғы 20 студент 4 құзыреттілік бойынша қатысса, биыл 204 қатысушы 32 құзыреттілік бойынша бақ сынамақ. Жыл сайын жарысқа қатысушы- лар қатары 40%-ға артқан. Олардың жұмыстарын 150 сарапшы бағалайды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да міндетті түрде кәделеріңе жарайды» деп, жастарға үлкен үндеу тастады.
Аймақтық чемпионатты ұйымдастыру алқасының төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. «Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, студенттер! Бүгінгі өткізіліп отырған «WorldSkills-Aktau 2018» шарасының маңызы зор. Болашақта өздеріңіз таңдаған мамандық пен кәсіп сіздерге үлкен жеңіс әкелсін. Осы сайысқа төрелік жасайтын сарапшылар чем- пионаттың барынша әділ өтуіне атсалысады деп сенеміз. Өйткені бұл жарыстың жеңімпаздары ертең республикалық, халықаралық додаға түсіп, өңіріміздің, еліміздің абыройын қорғайды. Аймақтық чемпионаттың сапалы да нәтижелі өтуіне тілектеспін. Біздің облыста кәсіптік-техникалық білім алып отырған студенттер саны 20 мыңнан асып жығылады. Соның ішінде жұмысшы мамандығы бойынша 2,5 мың студент білім алуда. Бұл студенттер мемлекет тарапынан, жергілікті бюджеттен тегін оқытылып отыр. Бүгінгі жаңа заман жастардан үш тілде қатар білім алуды талап етеді. Сондықтан болашақта бұл жарыстар үш тілде өткізілетін болады. Дайындықты бүгіннен бастауымыз керек. Мемлекет басшысының үш тілді игеру бастамасын ұстаздар мен педагогтар, білімді жастар қолдап жалғастыратынына сенімдіміз. Еңбектеріңіз жанып, кәсіптеріңіз алға бассын» – деді облыс әкімінің орынбасары.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Тегін дәрілерді ақшаға сату фактілері бар — Ерболат ДосаевХалықаралық сарапшы Серікхан Әділханов WorldSkills чемпионаты жастардың болашағын бүгіннен қалыптастырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру үдесінен шығатынын айтты. «WorldSkills қозғалысы елімізде үлкен қолдауға ие болды. Әсіресе жастар ортасында кеңінен танылды. Бұл шара білім саласының жаңа үлгісін құруға, жұмысшы мамандықтарының кәсіби шеберлерін дайындауға мүмкіндік береді. Чемпионат барша қатысушыларға ерекше ықпал жасап, шабыт береді деп сенеміз»,– дейді сарапшы.
Маңғыстау облысындағы әртүрлі кәсіптік білім мекемелерінің студент жастары осы сайыста шеберліктерін шыңдап, республикалық байқауға қатысу үшін бар білімдері мен өнерлерін салып отыр. Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеруді көздеген конкурсқа төрелік етуші қазылар қатарында халықаралық сарапшылар мен танымал аспаздар бар.
Қатысушы командалар чемпионат өткізуге таңдап алынған он алты алаңда 32 бағыт бойынша құзыреттіліктің техникалық сипаттамасы мен пайдаланылатын жаб- дықтармен танысты. Әртүрлі жабдықтармен қамтылған нысандарда қауіпсіздік туралы дәріс өткізілді, сондай-ақ сарапшылармен бірге конкурс тапсырмалары талқыланып, сұрақ-жауапқа да уақыт берілді.
Жайық НАҒЫМАШ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="49267,49271,49268,49270,49269,49272"]