• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 10 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілд...

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешед...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

  • USD: 478.89 ₸
  • EUR: 528.74 ₸
  • RUB: 5.29 ₸

Химиялық кастрация­: ауыр қылмыстың жазасы да ауыр болмақ

[ 2018 ] 27 ақпан, 12:10  |  Қоғам

©

Бірнеше жыл қатарынан «педофил» деген құлаққа түрпідей тиер, жүректі үрейге толтырар сөз елді есеңгіретті. Желкілдеп өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің балалық шағына, кішкентай өміріне қауіп төніп, бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың жағасын ұстатты. Мемлекет адамдық қасиеттерден жұрдай болған «педофилдермен» күресу мен оларды жазалауды басты назарға алып, ауыр қылмыстың жазасын күшейтуді көздеді. Бұл туралы көп талқылау жүргізіліп, көп зерттеу жасалды. Нәтижесінде...

Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерге химиялық кастрацияны қолдану бойынша заңнамалық түзетулер күшіне енді. Балаларға ағалық қамқор, әкелік көзбен қарау орнына нәпсісін тыя алмаған зұлымды қылмысын қайталамас үшін «химиялық кастрацияға» кесіп, балғын денеге құмарлығын басу керек. Сонда ғана пе­дофилдердің тояты тоқтап, қатары кемитін шығар?!

Осы өзекті тақырыпты талқылау мақсатында Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау саласы, прокуратура, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары мен журналистерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда қатысушылар бұл медициналық рәсімнің тәртібі мен оның салдары туралы сөз өрбітті.

«Химиялық кастрация дегеніміз – дәрі­-дәрмектер арқылы ер адамдардың тестостерон гормонының шығуын тоқтату, құмарлығын басу. Алайда оның әсері қайтарымсыз емес, дәрілерді қабылдау тоқталса, еркектің күші қайта қалпына келеді. Мамандардың айтуынша, дәрілер уколы негізі үш айда бір рет жасалуы тиіс. Химиялық кастрацияны қолдану үшін берілетін дәрілердің жағымсыз салдары бар: адам есте сақтау қабілетінің төмендеуі, депрессия, дененің әлсізденуі, инфаркт пен инсульттен өліп кету қаупінің жоғарылауы, қант диабеті, бүйрекке тас байлануы сынды дерттерге душар болады. Онымен қоса, дәрілердің кері әсері де аз емес.

Шет мемлекеттерінің тәжірибесіне көз жүгіртсек, кейбір елдерде қылмыскерлерге химиялық кастрацияға ерікті түрде келісу үшін арнайы жағдайлар жасаған екен. Мәселен, Франция елінде арнайы мекемелер бар: онда қылмыскер алдында екі жол – дәрілерді қабылдауға келісу немесе клиникада өмір бақи қалу. Ал Бельгияда бұл дәрілер медициналық сақтандыруға енген. Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігінің зерттеулеріне сәйкес химиялық кастрацияны жаза ретінде қолданатын елдерде балаларға қарсы қылмыс 50%-­ға төмендеген.

Қазақстанда педофилдер мен зорлаушыларға қатаң тәртіп орнатылған: кәмелет жасқа толмағандарға зорлық-­зомбылық жасағандарға ешқандай жағдайда шартты түрдегі үкімдер берілмейді. Рақымшылық, жазаның жеңілдетілуі, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылу секілді ешқандай жеңілдіктер жасалмайды. ҚР ІІМ деректеріне сәйкес 2017 жылы жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс 31 пайызға азайған», – деп баян- дама жасады сот кеңсесінің меңгерушісі Т.Дүйсенов.

Жиынға қатысушылардың сөзінше, Қазақстанда химиялық кастрация жасау үшін күдіктіге тергеу уақытында сот­ психиатриялық сараптама жүргізіледі. Оның нәтижесіне байланысты сот күдіктіге химиялық кастрация бойынша шешім шығарады. Медициналық рәсім сотталғандарға абақтыда не арнайы амбулаторияларда (босатылғандарға) жасалатын болады. Қазақстанда 2018 жылы химиялық кастрацияны жүргізуге 9,6 млн. теңге бөлген. Алайда бұл жазаның әсері қаншалықты тиімді болатыны беймағлұм. Бұл туралы қазір талқылаулар белсенді жүргізіліп жатыр.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары да химиялық кастрация­ны қолдану жайын жан­жақты талқылады. Расымен, ауыр қылмысқа жаза да қатаң болғаны дұрыс. Алайда ауыр жаза тағайындаудың арқасында балаларға қарсы қылмыс азайса да, проблеманы түп­тамырымен жою мүмкін емес.

Әрбір ата­-ана өз баласын бар жамандықтан, зұлымдықтан қорғағысы келеді. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыт­тырмай өсіргісі келеді. Қазіргі заманда оны толық орындау оңай емес, бастысы – баланы назардан тыс қалдырмау...

Ханым ҚУАТ

14550
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам маңғыстау жаңалықтары мәселе
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Дін саласын рейттейтін жаңа заңға қандай өзгерістер енгізілмек?

Келесі жаңалық

Бейнеуде республикалық ауқымдағы жәрмеңке өтті

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Әкімдік үшін журналистердің құны көк тиын ба?

    [ 2021 ] 30 қыркүйек, 19:51
    2904

    Маңғыстау жұрты қандай су ішіп отыр?

    [ 2020 ] 27 ақпан, 15:04
    9594

    Химиялық кастрация­: ауыр қылмыстың жазасы да ауыр болмақ

    [ 2018 ] 27 ақпан, 12:10
    14551

    Жолға жайылған төрт түлік маңғыстаулық тепловоздарды 46 рет тоқтатқан

    [ 2017 ] 3 қараша, 12:56
    1232

    Халықтың талабы ескеріле ме?

    [ 2020 ] 26 ақпан, 15:56
    3332

    Теңгедегі жол апатынан кейін ОҚО-да жеті өткел кезекшісі жұмысынан шеттетілді

    [ 2017 ] 4 желтоқсан, 06:40
    1384

    Рубрикалар

      МұнайлыБейнеуҚазақстан жаңалықтарыЖастар бетіЖаңалықтарБайланыс мәліметтеріМаңғыстау

    Автордың басқа да жазбалары

    Жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті

    [ 2019 ] 3 желтоқсан, 06:39
    2017

    Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

    [ 2019 ] 26 қараша, 05:57
    1637

    Бейнеу ауданының тұрғындар саны 70 мыңнан асты

    [ 2019 ] 14 қараша, 05:00
    5840

    Жемқорлық түбі – қорлық!

    [ 2019 ] 12 қараша, 09:15
    1684

    Облыс әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді

    [ 2019 ] 11 қараша, 05:38
    2381

    Ақтауда шахматтан турнир өтті

    [ 2019 ] 7 қараша, 09:33
    2211

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»