• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 10 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілд...

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешед...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

  • USD: 478.89 ₸
  • EUR: 528.74 ₸
  • RUB: 5.29 ₸

Жолға жайылған төрт түлік маңғыстаулық тепловоздарды 46 рет тоқтатқан

[ 2017 ] 3 қараша, 12:56  |  Қоғам

Жыл басынан қазан айының 7-не дейін Маңғыстау жол дистанциясына қарасты темір жол бойында тепловоз машинистері өткен он айда 46 рет жедел тежегішті басуға мәжбүр болған…

Себеп, әрине  біреу – бағусыз ауа жайылған малдың жолға шығып кетуі. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам  қартайды» демекші, жазыла-жазыла жауыр болған тақырып күн тәртібінен әлі күнге түспеуі, мәселенің шешімін таппай отырғанымен байланысты болса керек.  Мал-жанды басудың алдың алу барлық уақытта мүмкін бола бермейтіні тағы белгілі, мұнда да 3 үй жануары пойыз астына түссе, бір адам өз абайсыздығы салдарынан қаза болған. Сонымен қатар, теміржол үстіне бөгде зат қойып кеткен бұзақылардың кесірінен 2 рет пойыз тоқтатылған.

Дегенмен, бұл өткен жылмен салыстырғанда аз.  2016 жылдың он айында  машинистер 76 рет шұғыл тежеу беріп, 23 ірі қара малын басып кеткен.  Жыл бойы тынымсыз жүргізілген профилактикалық жұмыстар нәтижесінде дерек былтырғы кезеңнен 30 ретке төмендеген.

–  Жолға малдың шығуына байланысты тежеулер былтырғыға қарағанда қысқарғанымен, төрт түліктің иесін табуда қиындықтар әлі де бар. Көп жағдайда Маңғыстау локомотив депосының кезекшілері оқыс тежеу хабарламасын кешіктіріп береді. Мысалы, мал баспау үшін 14 наурызда Тамақ -№16 темір жол бекеті аралығында №2101 жүк пойызының шұғыл тежеуге барғанын – 1 күн, 14 мамырда Шетпе станциясы мен №13 темір жол бекеті аралығында № 2835 жүк пойызының  жедел тежегішті басқанын – 2 күн, 3 қыркүйекте №13 – №12 темір жол бекеттерінің № 8-пикет тұсында  №313 «Атырау – Маңғышлақ» жолаушылар пойызы жасаған тежеуді – 2 күн, 24 мамырда Өзен станциясы 179 км 1-пикетте №3403 жүк пойызының оқыс тоқтағанын – 1 күн кешіктіріп хабарлады. 29 қыркүйекте жергілікті уақытпен 22.55 сағатта  Қызыләскер – Көкбекті бекетінде 1012 км 5-пикет маңында түйе малы басылған. Ол №319 «Душанбе-Мәскеу» жолаушылар пойызының алдына шыққан. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барғанша түйенің екі құлағындағы электронды сырға кесіліп алынған екен. Үш күн іздестіруден кейін иесі белгілі болды. Яғни, хабар дер кезінде тәртіп сақшыларына жетпесе, малын темір жол маңына жіберіп, қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі келтіретін шаруаларды анықтау, олармен жұмыс жүргізу бізге қиындай береді, – дейді бұл туралы  желілік ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Серік Оразғалиев өз пікірін білдіріп.

Тағы оқыңыздар: Шетпелік кәсіпкер туған ауылына спорт кешенін сыйлады

Оның айтуынша,  желілік ішкі істер бөлімі теміржол мекемелеріне  қажетті ұсыныстарын да беріпті. Өйткені теміржолдағы төтенше жағдай болған жерге біріншілерден болып баратын кім?  Әрине – теміржолшылар.

Төрт түліктің теміржолда тайраңдап жүруінің бір себебі, қоршалған бөгеттердің сымдары үзілген немесе мүлдем қоршаулардың жоқтығы көрінеді. Әсіресе, Тамақ – №16 темір жол бекеті, Бейнеу – Оазис, Бейнеу – Үстірт, Үстірт – Сай-Өтес және № 11,12,13 темір жол бекеттері мен Шетпе станциясы аралықтарында қоршау жоқтығы жағдайды қиындатып отыр екен.

Шахида ЖҰМАН

Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

1231
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам маңғыстау жаңалықтары мәселе
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Алаш қозғалысы және алашорда көсем-қолбасшылары рухын жаңғырту

Келесі жаңалық

Ақтауда терроризмді насихаттады деген айыппен 2 адам жауапқа тартылды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Әкімдік үшін журналистердің құны көк тиын ба?

    [ 2021 ] 30 қыркүйек, 19:51
    2904

    Маңғыстау жұрты қандай су ішіп отыр?

    [ 2020 ] 27 ақпан, 15:04
    9594

    Химиялық кастрация­: ауыр қылмыстың жазасы да ауыр болмақ

    [ 2018 ] 27 ақпан, 12:10
    14550

    Жолға жайылған төрт түлік маңғыстаулық тепловоздарды 46 рет тоқтатқан

    [ 2017 ] 3 қараша, 12:56
    1232

    Халықтың талабы ескеріле ме?

    [ 2020 ] 26 ақпан, 15:56
    3332

    Теңгедегі жол апатынан кейін ОҚО-да жеті өткел кезекшісі жұмысынан шеттетілді

    [ 2017 ] 4 желтоқсан, 06:40
    1384

    Рубрикалар

      ҚарақияМәдениетХабарландыруҚазақстан жаңалықтарыАНТИКОРРухани жаңғыруРедакция ұжымыДенсаулықМаңғыстау жаңалықтарыҚызық дерекРедакция газеттеріБейнеу

    Автордың басқа да жазбалары

    Ауруды жеңген теміржолшы

    [ 2019 ] 23 ақпан, 05:10
    1867

    Түбектің құрметті азаматы атанған теміржолшы

    [ 2018 ] 20 желтоқсан, 11:19
    2491

    Салауатты өмір салтын ұстанған отбасы

    [ 2018 ] 16 қараша, 05:10
    1746

    «Маңғыстау теміржолы» үздік атанды

    [ 2018 ] 9 қараша, 07:30
    1776

    Сенат депутаты теміржолшылармен кездесті

    [ 2018 ] 19 қазан, 04:52
    1762

    Еңбек еш кетпейді

    [ 2018 ] 25 тамыз, 07:22
    2353

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»