Қазіргі таңда Сирия және Ирак мемлекеттерінің аумағында террористік ұйымдар дінмен жамылып өздерін «Ислам мемлекеті» деп жариялаған және террористік ұйымдарының жақтаушылары террористік ұйымының мүшелерін көбейту мақсатында «Интернет» жүйесі арқылы террористік идеологиясын таратуда.
Сондықтан Қазақстан Республикасының құзыретті органдары Қазақстанның азаматтары террористік ұйымына түспеу мақсатында профилактикалық іс-шаралар және тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аталған дерек бойынша ағымдағы жылдың 9 айында 2 тұлға терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақырғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, азамат «А» Ақтау қаласында орналасқан үйлердің біріне «Айт» мерекесін тойлаймыз деген сылтаумен қонаққа шақырған тұлғаларға қасақана, өзінің іс-әрекеттерінің заңға қайшы екендігін толықтай ұғынып, «қарулы Джихад» жасау арқылы елде ресми билікті құлатып, оның орнына қоғамда «шариат» заңдарын орнату екендігін жеткізіп, терроризмді насихаттауға бағытталған әңгімелерді жүргізген.
Тағы оқыңыздар: Мас болғаны үшін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылдыОсыған байланысты, соттың үкімімен азамат «А» ҚР ҚК-нің 256-бабымен кінәлі деп танылып, оған қатысты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Өз ұрпақтарыңыз осындай бағыттың құрбандары болмау мақсатында ата-аналардың назарына балаларыңыздың тәлім тәрбиесіне күнделікті түрде көңіл бөлу сұралады.
Ақтау қалалық прокуратурасы