«Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (әрі қарай Салық кодексі) 180-1 бабына сәйкес, жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің меншік құқығы тіркелген күннен бастап, бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке және қосалқы шаруашылық объектілерін өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс – мүліктік табыс болып табылады. Аталған кодекстің 180-1 бабының 2 тармағына сәйкес, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс болып табылады. Яғни жеке тұлғалар мүлікті уәкілетті органдарға тіркеу күні мен атынан шығару күні аралығы бір жылдан аз болған жағдайда, мүлікті сату мен сатып алу бағасының арасындағы оң айырмасы үшін мүліктік табыс бойынша салық төлеуге міндеттеледі.
Салық кодексінің 180-1 бабының 6 тармағына сәйкес жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік өткізілген жағдайларда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезеңінің ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
Тағы оқыңыздар: Тұтынушы құқығы — басты назардаАталған баптың 7 тармағына сәйкес, өткізілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарында мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн – бағалау құны болып табылады.
Толығырақ ақпаратты Мемлекеттік кірістер басқармасынан арқылы алуға болады.
Бейнеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы