Алаш қозғалысының тарихы, түркі жұртының әлем тарихында жеткен «Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда екі арада адам баласы пайда болды. Адам баласын басқаруға менің ата-бабам Бумын қаған, Істемі қаған отырған. Отырып, түркі халқының елін, заңын ұстай берген, иелік еткен» [1/12] ілкі тарихтан ата қонысында өз орынына қайта оралуға жасаған нәтижесіз талпынысы. 1897 жылғы патшалық Ресей империясының халық санағында адам саны жөнінен империяда төртінші орында (Кесте 1. [2+*2/58-61]), 1916 жылдың қарашасындағы «Алаш» құрылтай жиналысына сайлау кезінде Қазан төңкерісі қарсаңындағы Ресейде болған жарты жүздей партиялардың арасында сегізінші орынға шыққан [3] демократияға ұмтылу талабының да сәтсіз тәжірибесі.
Кесте 1. 1897 жылғы халық санағы қорытындысы бойынша саны көп халықтар
Техниканың Германия сияқты жеке аймақта оза дамуы, жер мен оның байлығын қайта бөлу қырғынына алып келген ғасыр басында, осындай мүмкіндіктің жеделдігін сырттан бақылаған Ресей зиялыларының демократияға сенімін арттырып, 1905-1907 бірінші орыс төңкерісіне қуат берумен қатар Ресей боданы қазақ елінің озық ойлы азаматтарының да азаттық аңсаған қанында бұрқаныс туғызды.
Осы кезде азаттық қозғалысының көшбасшысы, кейін партия жетекшісі, студенттік шағынан «Зар заман» тобына енген Әлихан Бөкейханов 1905 жылы кадет партиясына мүшелікке енді, қысқа уақытта оның бүршігі іспетті қазақ бөлімін құрып, оған «Алаш» айдарын қойды. Алаш идеясы жалпы ұлттық қолдауға ие болды.[3]
1917 жылы Патша үкіметі тақтан тайып, Уақытша үкіметтің орнауын Алаш зиялылары бодандықтан басы бос ел болу жолында ашылған даңғыл жол деп есептеді. Тәуелсіз жұрт болу үшін өзгелер сескеніп, ескеретін өз әскеріміз болу қажеттігі күн тәртібіне қойылды. Қазақ баласы екінші мәрте бас қосқан, 1917 жылдың желтоқсан айындағы ІІ съезде көтерілген 10 мәселенің төртіншісі милиция туралы болды (уақыт талабына сай, Алаш автономиясының қарулы әскері туралы шешімде әскер - Алаш милициясы) аталды. Ол жайында баяндаманы Халел Ғаббасов жасап, баяндама 1918 жылдың қаңтар айында «Қазақ» газетінде жарық көргеннен кейін Алаш милициясын жасақтау жұмыстары қолға алынды [4].
Алашорда әскерін жасақтау, оны қару-жарақпен, киім-кешекпен жабдықтау мәселесі екінші жалпы қазақ съезінде жан-жақты талқыға түскен. Бұл іске Тобанияз Әлниязұлы, Хасен Ақайұлы, Райымжан Марсеков, Ыбырай Ақбайұлы, Салық Омарұлы, Иса Көпжасарұлы, Медеу Оразбайұлы, Қаражан Үркімбаев сынды қазақ байлары белсене араласып, олар алашорда әскеріне материалдық көмек көрсеткен. Қазақтың ең алғашқы атты әскер бөлімдері (Алаш армиясының полктері) Алаш республикасы құрылғаннан кейін ғана, Алаш Орда Халық кеңесі міндетіне кіріскен 1918 жылдың жазында ғана жасақталып, 1918-1920 жылдары казак әскерлерімен бірлесіп Қызыл армияға қарсы кескілескен шайқас жүргізді.
Осы рухани және әскери қуаттану дайындығына араласқан барша – ішкі сенімі бойынша алашордалықтар 1921-31 жылдары күштеп ұжымдастыруға қарсы қазақ даласында болған 372 көтерілісте сынға түсті [5]. Өлімге бас тігу қатеріне қарамастан, тәуелсіздік үшін, ұрпағының болашақ азаттығына сенім артқан көзсіз ерлер, осы кезеңде, Кеңес үкіметінің тұрақты әскеріне қарсы қарусыз қолмен шыққан жағдайлар да аз болған жоқ.
«1928-1929 жж. Алаш қозғалысының барлық белсенділері тұтқындалды, 1930-шы жылдары көпшілігі үштік үкімімен ең ауыр жазаға кесіліп, кесім орындалды. Бір бөлігінің мал-мүлкі тәркіленіп, үш, бес, он жылға лагерлерге жіберілді [6].
Замандастарының тағдырлас өкілі Тобанияз Әлниязұлы (1875, бұрынғы Закаспий облысы Маңғышлақ приставтығының Жеменей болысында дүниеге келген – 9.10.1930 ж. түрме лазаретінде қайтыс болған, қоғам қайраткері. Діни мектепте бастауыш білім алған. 1915 ж. болыс басқарушысы болып сайланған. 1916 ж. патша жарлығына қарсы шыққаны үшін тұтқынға алынып, 1917 ж. патша өкіметі құлағаннан кейін абақтыдан босатылған. 1918 – 1923 ж. Адай уездік революциялық комитетінің төрағасы. Алашорда жетекшілері – Халел және Жаһанша Досмұхамедовтермен пікірлес байланыста болды. Кеңестік билікке қарсы Қарақұм өңірінде жүріп жатқан қозғалысқа қолдау танытты. 1923 ж. Тобаниязға «ұлтшыл», «діндар» деген айып тағылып, уездік революциялық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. 1929 ж. желтоқсанда тұтқынға алынып, ату жазасына кесілді [7/556].
Тобанияздың үзеңгілес жолдастарының халық арасында «хан» лауазымымен аталғандарының бірі Үсенұлы Жұмабай. Ол туралы Азалы кітап [8] мәтінінде: “Усенов Жумабай, 1891 ж.т. № 9 ауыл, Маңғыстау ауданы, молда. ПП ОГПУ 05.04.32 ж. 58-2, 59-3 жазаның ең ауыр түрі. Қазақ ССР Прокуратурасы 23.12.91 жылы ақтады”, - деп жазылған. Бұл деректе, оған осыншама қатал жазаға үкім кесу себебі көрсетілмейді. Жақында қолға түскен архив құжаттарын назарға берелік [9]. Жартылай орыс, жартылай қазақ тіліндегі істің екі парақ қорытындысы да орысша. Соған қарағанда оларды кезінде орысша жауаптаған, орысша үкім кескен болуы да әбден мүмкін, немесе іс қағаздары араб графикасымен толтырылған болар деп топшылаймыз, ондай жағдайда олардың дұрыс оқылуын толық қайта тексеру қажет. Қазақта «Үндемегені - мойындағаны» деген байлам үштік мақсатына мап болғандай. Енді ақтау ҚОРЫТЫНДЫ (арх. №672) парағындағы деректерге сөз берелік. Усенов Джумабай. 1891 г.р. Аул № 9 Мангистауский район, Гурьевская область., беспартийный, мулла, семейный. «14 октября 1931 года Усенов арестован Гурьевским оперсектором ПП ОГПУ в Казахстане. Ему предъялено обвинение в том, что «он являлся бандитским ханом, организатором и вдохновителем банддвижения; решал все организационные вопросы банды и ее деятельности по выступлениям, налетам и грабежам; под его руководством банды в составе 700-800 человек наступала на Форт Александровск; под его руководством производились все грабежи заготпунктов, промыслов, колхозников и жителей», т.е. в преступлениях предусмотренных ст.ст. 58-2 и 59-3 УК РСФСР.
На основании постановления в/с Колллегии при ПП ОГПУ в Казахстане от 5 апреля 1932 года Усенов расстрелян с конфискацией имущества /других данных нет.
Виновным себя признал. Обвинение обосновалось на показаниях свидетелей Сабтаева, Куанова, Жанисова, Кзылова, других осужденных по данному делу лиц. В материалах не имеется реальных данных о существовании контрреволюционной организации и фактов преступной деятельности Усенова подпадающих под состав государсвенных преступлений.
С учетом изложенного и того, что решение принято несудебным органом, представляется целесообразным исключить обвинение по ст. 58-2 УК РСФСР за государственные преступления, оставив в силе уголовную ответственность за дейстия образующих состав преступления по ст 59-3УК РСФСР.
Усенов Джумабай подпадает под действие ст. 1 Указа Президиума Верховного Совета СССР от 16 января 1989 г. «О дополнительных мерах по восстановлению справедливости в отношении жертв репрессий, имевших место в период 30-40-х и начала 50-х годов.
Начальник Следственного отдела КГБ Казахской ССР...20 декабря 1991 г.
Әнетұлы Ер Төлеп батырдың немересі Үсен қажының алты ұлының бірі Жұмабай Маңғыстау Қаратауының шығыс шетіндегі Тамды бұлағында қиған ақ тастан салынған мешітте сабақ берген. «Жұмабай мешіті» құландылары қазірге дейін бар. Көтерілісшілердің алғашқы жиынына батыр ұрпағы әрі сауатты молда ретінде арнайы шақырылған.
Тағы оқыңыздар: «Отпан» тарихи-мәдени кешенінің 10 жылдығына орай өтетін шараларОл тұратын №9 ауылдан келесі күні, 15 қазан күні тұтқындалған ағасы Қожбанов Саназар (1881 ж. партияда жоқ, малшы, үйелменді) [10] «бандының белсенді мүшесі болды, бандотрядының жетекшісі, банды құрамаларын, ауылдық кеңес канцеляриясын өртеушілерді ұйымдастырушы» ретінде сол 1932 жылдың 5 сәуірі 5 жыл мерзімге концлагерге қамалады. Содан хабарсыз.
Құжаттары бар тағы бір №9 ауыл азаматы, Жұмабайдың інісі Кожаков Нургазы (Қожақұлы Нұрғазы) [10], 1898 ж.т., партияда жоқ, малшы, үйелменді. Ол да 15 қазанда «бандыға көшуге үгіт жүргізді, өзгенің малын талауға қатысты, топқа жетекшілік етті, винтовкасы болды» деген айыппен малы тәркіленіп, үш жыл мерзімге концлагерьге қамалады. Ағайындар шежіресінде №9 ауылдан Жұмабаймен қатар ұсталып, із-түзсіз жоқ болып кеткен, яғни №546 қор құжаттары тізіміне де енбей, жадтан аласталғандарының саны - 13?!
1931 жылы «1715 көтеріліске қатынасушы тұтқындалған» деген дерек келтіреді, «Қанды ойран» авторы, полковник Ізтұрған Сариев. Осы еңбекте тізіп көрсетілген, Кеңес үштігі оққа байлаған «Халық қозғалысының 15 басшысы мен белсенді қатынасушылары»:
СӨЗ СОҢЫ
Асылын озалдан ардақтап, ұлына үлгі еткен ұрпақ өкілдері, қымбатты оқырман! Алаш қозғалысының мәні мен мағынасын ғасыр өткізіп саралаған осы кездесуден бастап аталған ерлер рухын жаңғырту, қазақ қансоқта болған әрбір толқудың көсемдері мен қолбасшыларын – есімін жеке атап ұлықтау азаматтық парызымыз, күнделікті пенделік тірілігімізде ескеріп отыратын қарызымыз екенін ойдан шығармалық!
Әдебиет:
Мұрат АҚМЫРЗАЕВ,
«Мұра-Т (таңба, тарих, таным)» Қоғамдық
бірлестігі төрағасы, өлкетанушы