• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 8 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

    [ 2019 ] 26 қараша, 05:57  |  Жаңалықтар

    Маңғыстау облыстық әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев «WorldSkills Kazakhstan» V республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында жүлделі оралған студенттермен кездесті. Шараға республикалық чемпионаттың жеңімпаздары, сарапшылар, колледж директорлары, студенттердің ата-аналары және БАҚ өкілдері қатысты. Нұр-Сұлтан қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионатқа 14 аймақтан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 38 құзыреттілік бойынша 400-дей қатысушы кәсіби шеберліктен сынға түскен еді. Оған Маңғыстау өңірінен 29 құзыреттілік бойынша 30 студент қатысып, бағын сынады. Нәтижесінде Маңғыстау жастары асқан шеберлігімен, ерекше білімімен көзге түсіп, жұлдыздары жанып, 4 алтын, 1 күміс, 4 қола медалін және 7 «Үздік маман» медалін иеленді. Сондай-ақ маңғыстаулықтар команда республика бойынша жалпы командалық ұпаймен 5-орынға шықты. Осындай қуанышты жаңалықтарын, жүлдеге толы қоржынын арқалап келген Маңғыстау студенттерін облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев қабылдап, аз-кем дидарласып, жеткен жетістіктерімен құттықтады. – Жалынды жастарымыз «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатына қатысып, аймағымыздың намысын қорғап, мәртебесін көтеріп, үздік нәтижелерге қол жеткізді. Тартысты жарыста олар колледж қабырғасында оқып жатқан кәсібін шебер меңгергенін байқатып, ұстаздарының сіңірген еңбегін, сенімін ақтады десем артық айтпағаным. Сондықтан да жеңімпаздарға бағыт-бағдар беріп, шеберлігін шыңдаған колледж директорлары мен ұстаздарына шексіз алғысымды білдіремін. Жыл сайын чемпионатқа қатысушылардың саны артып келеді. Мысалы, 2015 жылы алғашқы чемпионатқа 2 құзыреттілік бойынша қатыссақ, қазірде құзыреттілік саны 29-ға жетті. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықтарының артып жатқанын көрсетеді. Жастардың жанарынан таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін көріп, көңілім марқаяды. Бұндай толағай жетістіктер – студенттер мен ұстаздардың зор еңбегінің арқасы. Жастарды жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, болашақта білімді әрі шебер маман атануына тілектеспін, – деп жылы лебізін білдірді Қаныбек Бекболатұлы. «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионатының Маңғыстау облысы бойынша техникалық делегаты, Маңғыстау туризм колледжінің директоры Мирсат Айденұлы барша колледж директорлары мен ұстаздары атынан облыс әкімдігіне, облыстық білім басқармасына риясыз ризашылығын білдірді. «Біздің жастарымызға кәсібін жасауға жағдай көрсетіп, шеберлігін шыңдауға септесетін алаң бергені үшін аймақтағы кәсіпорындар мен мекемелерге зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл жетістікке жетуіміздің басты құпиясы – ұстаздарымыздың студенттерді дұрыс жолға бағыттап, біліммен сусындатып, кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беруі. Сондай-ақ студенттеріміздің жеңіске ұмтылуы, биіктен көріну үшін бар күшін салғаны – бұның бәрі бізді жетістікке жетеледі», – деді Мирсат Айденұлы. Құттықтаулар мен жүрекжарды тілектермен қатар, қатысушылар облыс әкімінің орынбасарына ұсыныстарын да жеткізді. «Жеңіске жету оңай болған жоқ. «Алтын» медальға қол жеткізу үшін бәсекелестерімнен озуға көмектесетін білім мен зердені, алғырлық пен шеберлікті ту еттім. Кәсібімнің кәнігі шебер екендігін көрсеттім. «Дәнекерлеу ісі» – кез келген адамның тісі бата бермейтін мамандық. Оған асқан шеберлік, ерекше алғырлық керек. Мен чемпионатқа қатысар алдында «KCOI» компаниясы тәжірибе алмасуға, шеберлігімді шыңдауға мүмкіндік сыйлады. Сол үшін осы мекеме басшылығына рақметімді айтқым келеді. Біз жеңіске компаниялардың тәжірибе алаңдарын беруі  арқасында жеттік деп ойлаймын. Чемпионатқа қатысу үшін үлкен дайындық керек. Болашақта әкімдік жұмысшы мамандықтарға баулитын білім ордаларын жабдықтауға жәрдем көрсетсе деген тілегіміз бар», – деді Маңғыстау техникалық колледжінің 3-курс студенті, «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша алтын медаль иегері Мерас Шонекбаев. Кездесу соңында жүлдегер атанған студенттердің ата-аналары, туыстары алғыстарын білдірді. Колледж директорлары мен ұстаздарға чемпионатқа кәсіби маман даярлап, жоғары нәтиже көрсеткені үшін облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашевтың алғыс хаттары тапсырылды.

    Ханым ҚУАТ

    1661
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстау облысында АИТВ жұқпасымен 359 адам тіркелген

    Келесі жаңалық

    WhatsApp хабарламаларды автоматты түрде өшірмек

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2655

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2561

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4383

      Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы еріктілерді іздейді

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 09:23
      2437

      2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 10:32
      1938

      Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

      [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
      2873

      Рубрикалар

        анонсМаңғыстау жаңалықтарыЖарнамаКомплаенсТағайындауМәселеХабарландыруАудан тынысыАуыл өмірі

      Автордың басқа да жазбалары

      Жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 06:39
      2043

      Бейнеу ауданының тұрғындар саны 70 мыңнан асты

      [ 2019 ] 14 қараша, 05:00
      5888

      Жемқорлық түбі – қорлық!

      [ 2019 ] 12 қараша, 09:15
      1707

      Облыс әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді

      [ 2019 ] 11 қараша, 05:38
      2409

      Ақтауда шахматтан турнир өтті

      [ 2019 ] 7 қараша, 09:33
      2240

      Worldskills: Жастарға ақ жол!

      [ 2019 ] 7 қараша, 07:00
      1330

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»