• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 11 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

    Облыс әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді

    [ 2019 ] 11 қараша, 05:38  |  Қоғам

    Жуырда Достық үйінде «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасы аясында халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, жеке мәселелерін шешу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, облыстық басқарма басшылары мен мамандары қоғамдық қабылдау өткізді. Қала тұрғындары үшін өзекті мәселелер – денсау­лық, тұрғын үй, білім, әлеуметтік көмек екені белгілі. Осы салалар бойынша қол ұшын беріп, қолдау мақсатында облыстық білім басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, көші-­қон полициясы, әкімшілік полициясы және тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бір жерде жиналды. Халықтың көкейінде жүрген түйткілді мәселелерін тыңдап, сауалдары­на жауап қатып, кеңестерін берді. – Облыс әкімдігі жанында құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңесі жыл басынан бері қызмет атқарып келеді. Бұл кеңестің мақсаты – халық пен билік арасында алтын көпір болып, халықты толғандырып жүрген мәселелерін билік құлағына жеткізіп, тиімді шешу, тұрмыс­тық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жою, – деді облыс әкімінің орынба­сары Қаныбек Жұмашев. – Бір мезгілде барлық мәселелердің шешімін табу мүмкін емес. Алайда қоғамдағы проблемалардың жауабын табуға септесетін басқарма, мекемелер осында келіп, халықтың арызын тыңдап, жәрдем беруге әзір. Қо­ғамдық қабылдауда «Әлеуметтік көмек, мүгедектерді әлеу­меттік оңалту бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасылар мемлекеттің шапағатына бөленіп жатыр ма?» деген сынды сауалдар қаралатын болады. Денсаулық сақтау саласындағы дәрігер мен науқас арасындағы қарым­-қатынастан бастап, қым­бат дәрі­-дәрмектермен қамтамасыз ету, ота жасату, квота беру сынды қордаланған мәселелерде көмектесу көзделеді. Тұрғын үй алу мәселесі бойынша халық көп бағ­дарламалардан бейхабар. Мәселен, көп балалы отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы, бюджеттік мекеме­лерде қызмет ететін тұрғындарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асыры­лады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің де жақсы жобалары бар. Осы жағымды жаңалықтарды қалың бұқараға жеткізу керек. Білім бойынша ақылы оқу, грант сынды мәселелер қарастырылатын бола­ды. «Адалдық алаңы» жобалық кеңесін көпшілікке таныстыру үшін қызметімізді әлеуметтік желілерде, телеарнада көрсе­туді көздеп отырмыз. Онымен қоса қала, аудандарға шығып, сондағы тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізуді жоспарладық. Сонымен қатар аймақ басшысының орынбасары Қаныбек Бекболатұлының сөзінше облыс әкімінің тапсырмасымен әрбір қала, аудандық әкімдікте «Адалдық алаңы» жобалық кеңесі жұмыс істеуі қажет. «Бұл кеңестер тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы тиіс. Аудан мен ауылдың халқы көкейтесті мәселелерімен бөлі­сіп, сыбайлас жемқорлықтың фактілері болса, оны да жеткі­зу қажет. Қоғамдық қабылдауды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-­қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойын­ша департаментімен бірлесіп ұйымдастырдық. Халықты кешке дейін қабылдаймыз. Өзім аз ғана уақыт ішінде 15 адамды қабылдап үлгердім. Бұл адамдардың басым бөлігі – ауылдардағы хал-­ахуалға алаңдайды: ауыл, елді мекен­дерде жарықтың жоқтығын, жолдың нашарлығын, мектеп­ке апарар жолға асфальт төселмегенін айтты. Бұл өзекті мәселелерді назарға алдым. Тұрғындар баспана, әлеуметтік көмек, білім, жұмыс мәселелерімен де келді. Мен барлық мәселелерді шешіп береміз деп уәде бере алмаймын. Әрбір мәселені тиімді шешу үшін уақыт керек», – деп түйіндеді сөзін Қаныбек Жұмашев. Ақтау тұрғындары Достық үйіне келіп, өздерін мазалаған мәселелерін айтты. Басқарма басшылары мен мамандары әрбір тұрғынға уақытын бөліп, егжей-­тегжейлі түсіндірді. Ал шыққан халықты есік алдында күткен еріктілер жеке мәселесі қалай шешілгені бойынша сұрастырып, сауалнама жасап, шығарып салды. Қоғамдық қабылдау кезінде жалпы 100-­ге жуық сауал түсті.

    Ханым ҚУАТ

    Суретті түсірген автор

    2443
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауға аққулар келді (ФОТО)

    Келесі жаңалық

    Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді (ФОТО)

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2687

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      890

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2662

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2112

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      3101

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5891

      Рубрикалар

        БейнеуСұхбатДенсаулықКомплаенсФотоТағайындауМәдениет

      Автордың басқа да жазбалары

      Жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 06:39
      2071

      Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

      [ 2019 ] 26 қараша, 05:57
      1686

      Бейнеу ауданының тұрғындар саны 70 мыңнан асты

      [ 2019 ] 14 қараша, 05:00
      5948

      Жемқорлық түбі – қорлық!

      [ 2019 ] 12 қараша, 09:15
      1745

      Ақтауда шахматтан турнир өтті

      [ 2019 ] 7 қараша, 09:33
      2268

      Worldskills: Жастарға ақ жол!

      [ 2019 ] 7 қараша, 07:00
      1353

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»